АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
Фото: Depositphotos
The New York Times басылымының жазуынша, АҚШ Иранға ядролық бағдарламаны толық тоқтатуды емес, 20 жылға уақытша «тоқтата тұру» нұсқасын ұсынған. Бұл ұсыныс Тегеранға уран байыту құқығынан біржола бас тартпауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Orda.kz Meduza-ға сілтеме жасап.
Алайда дереккөздердің мәліметінше, Иран бұл мерзімді небәрі 5 жылға қысқартуды талап еткен. Осындай ұсыныс АҚШ пен Иран арасындағы ақпанда Женевада өткен келіссөздерде де талқыланған. Дәл осы келіспеушілік Дональд Трамп әкімшілігінің әскери жағдайға көшуіне себептердің бірі болған. Бұл туралы he New York Times мәлімдеді.
Ал Дональд Трамп әлеуметтік желіде The New York Times басылымын сынға алып, оның ақпараттарын «жалған жаңалық» деп атады.
Интерфакс дерегінше, Иран ресми жауабында ядролық бағдарламаны тоқтата тұру мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға келісетінін білдірген. Алайда Дональд Трамп бұл ұсынысты қабылдамаған.
АҚШ тарабы Ираннан жоғары деңгейде байытылған уранды елден шығаруды талап еткен. Ал Иран керісінше, ядролық отын ел ішінде қалуы тиіс деп есептейді. Соған қарамастан, олар оны қару жасауға жарамсыз ету үшін айтарлықтай сұйылтуды ұсынған.
Bloomberg дерегінше, тараптар тағы бір рет бетпе-бет келіссөз өткізу мүмкіндігін де қарастырып жатыр. Бірақ нақты жоспарлар әзірге бекітілмеген.
Бұған дейін бірқатар БАҚ АҚШ пен Иран ұзақ мерзімді бітімге келу үшін жаңа келіссөздер тізбегін талқылап жатқанын хабарлаған.
Кездесуді қайтадан Исламабад қаласында өткізу нұсқасы қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, Түркия немесе Египет аумағында ұйымдастыру мүмкіндігі де талқылануда.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық