АҚШ Қорғаныс министрі Қытайдың Тайваньға басып кіруіне дайын болуға шақырды
Фото: abai.kz
Қытайдың Тайваньға әскермен басып кіруі «мүмкін болмай қоймайтын» оқиға болуы ықтимал. Сондықтан АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы одақтастары қорғанысқа бөлінетін шығындарын арттыруы қажет. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет Сингапурдегі қорғаныс форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz Financial Times-қа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қытайдың Тайваньды жаулап алуға ұмтылуы Үнді-Тынық мұхиты аймағы мен бүкіл әлемді «қасіретті салдарға» әкеледі. Хегсеттің сөзінше, Пекин Азияда үстем болуды көздеп отыр және соған сай әрекет етуде. Сондықтан бұл жағдай «шұғыл дабыл» ретінде қаралуы керек.
«Мұны жұмсартып айтуға себеп жоқ. Қытайдың төндіріп тұрған қаупі нақты және бұл — болмай қоймайтын қауіп болуы мүмкін. Біз олай болмайды деп үміттенеміз, бірақ бұл шындыққа айналуы әбден мүмкін», — деді Хегсет.
Хегсеттің айтуынша, Үнді -Тынық мұхиты аймағы Трамп әкімшілігі үшін басым бағыт болып қалады.
«Си Цзиньпин әскеріне 2027 жылға дейін Тайваньға басып кіруге дайын болуды бұйырды. Пекин бұл үшін қажетті әскер жинап, күн сайын жаттығып, шынайы соғысқа әзірленіп жатыр», — деп қосты министр.
Вашингтон бұл өңірдің ығыстырылуына жол бермейді және өзінің одақтастары мен серіктестерін «жаулап алуға, бағындыруға, қорқытуға» қарсы тұрады.
«Біз соғыстың алдын алу және бейбітшілікке күш арқылы қол жеткізу үшін соғысқа дайындалып жатырмыз», — деп мәлімдеді Пентагон басшысы.
Сонымен қатар Қорғаныс министрі АҚШ Қытаймен қақтығыс іздеп отырмағанын атап өтті. Хегсеттің айтуынша, Трамп та, америкалықтар да бұл елге құрметпен қарайды.
Пит Хегсет Еуропа елдерінің де Үнді -Тынық мұхиты аймағындағы қатысуын арттырғанын қалайтынын жеткізді. Бұл Қытайды тежеу үшін «тиімді болар еді». Алайда ол алдымен еуропалықтар өз континенттерінің қауіпсіздігіне мән беруі қажет екенін атап өтті.
Былтырға қазан айында Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай армиясын «соғысқа дайындықты жан-жақты күшейтуге және әскерлердің сенімді жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге» шақырған болатын.
2022 жылдың қыркүйегінде АҚШ президенті Джо Байден Қытай басып алған жағдайда АҚШ әскерлері Тайваньды қорғайтынын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық