Си Цзиньпин Тайвань мәселесі туралы айтты
G20 саммитіндегі Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Джо Байденнің бетпе-бет кездесуінің егжей-тегжейлері белгілі болды.
Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуінде Тайваньның тәуелсіздігін тану мәселесін Қытай-АҚШ қарым-қатынасындағы «қызыл сызық» деп атады. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігі сайтында ведомство басшысы Ван Идің баяндамасында айтылған.
14 қарашада Қытай төрағасы Си Цзиньпин G20 саммитінде АҚШ президенті Джо Байденмен кездесті. Қытай Сыртқы істер министрінің айтуынша, екі ел басшылары Қытай-АҚШ қарым-қатынастарына, әлемдік күн тәртібіне және жаһандық дамуға қатысты негізгі мәселелерді ашық және егжей-тегжейлі талқылады. Сонымен бірге диалог конструктивті және стратегиялық сипатта болды. Си Цзиньпин Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас «тоқырау мен қақтығыссыз» дамуы керек деді.
Сонымен қатар, Қытай басшысы президент Байденмен келіссөздер барысында Тайвань мәселесіне баса назар аударды.
2022 жылдың қыркүйегінде АҚШ президенті Джо Байден Қытай басып алған жағдайда АҚШ әскерлері Тайваньды қорғайтынын айтты. Қытай сонау 1911 жылы өз тәуелсіздігін жариялаған Тайвань аралын ҚХР-ның құрамдас бөлігі деп санайды. Тайвань төңірегіндегі жағдай аралға АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси ресми сапармен барғаннан кейін күрт ушығып кетті.
Қазақстан Тайвань аралының тәуелсіздігін әзірге мойындаған жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық