АҚШ ішкі қауіпсіздік министрі: Заңсыз жүргендер елден өз еркімен кетсе – жол ақысы төленіп, бір реттік қаржылай көмек беріледі
Өз еркімен кету – тұтқынға түсу мен басқа да ауыр зардаптардың алдын алудың ең қауіпсіз жолы екенін АҚШ ішкі қауіпсіздік министрі тағы бір рет ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.
«АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі (DHS) иммиграциялық заңнаманы бұза отырып, ел аумағында жүрген шетелдік азаматтарға АҚШ-тан өз еркімен кетуге мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама іске қосқанына назар аудартамыз. Осы бағдарлама бойынша өз еркімен елге оралу туралы шешім қабылдағандарға қайтар авиабилет шығындары төленеді, сондай-ақ оралғаннан кейін 1000 доллар көлемінде бір реттік қаржылай көмек қарастырылады» деп жазылған хабарламада.
Өтініш беру үшін CBP Home мобильді қосымшасын пайдалану қажет. АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм өз еркімен елден шығу - тұтқындаудан және басқа да ауыр зардаптардан сақтанудың ең қауіпсіз, реттелген және үнемді тәсілі екенін атап өтті. ⠀
Елшілік түрлі себептермен АҚШ аумағына заңды иммиграциялық мәртебесіз келген азаматтарды осы бағдарламаға қатысу мүмкіндігін мұқият қарауға шақырады.
Бұл қазіргі жағдайды заңды реттеу және болашақта АҚШ-қа кіру құқығын сақтау жолындағы маңызды қадам болуы мүмкін.
Жақында АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтар Өзбекстанға жөнелтілді. Биылғы жылдың ақпан айында АҚШ-тан алғашқы мигранттар депортацияланды: арасында 3 қазақстандық бар.
Сол кезде АҚШ-та миграциялық заңнаманы бұзды деген күдікпен қазақстандықтар ұсталды.
Orda.kz тілшісі қазақстандықтардың шетелге кетіп жатқаны маңызды мәселе болған соң, елдегі экономикалық жағдайды саралап, Кореяда жұмыс істеп келген азаматтан сұхбат алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық