Ақнәрдің анасына кім қысым көрсетті?
Коллаж: Orda.kz
Алматыда жетінші қабаттан құлап қаза тапқан Ақнәр Гүлістанның анасы Гүлістан Хамит тергеу барысында өзіне полиция тарапынан қысым жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы justice_for_aqnar Instagram парақшасында Ақнәрдің анасы Гүлістан Хамит жазба жариялады.
Оның айтуынша, Алматы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері хабарласып, үйіне полицейлерді жіберетінін айтып, одан қандай да бір бейнежазбаны беруді талап еткен. Алайда Гүлістан Хамит қолындағы барлық бейнематериалдарды тергеушіге бұрын тапсырғанын айтады. Қазір одан нақты не талап етіліп отырғаны мүлде түсініксіз.
«Қызы азапталып, қаза тапқан жәбірленуші тарапқа қысым көрсету — барып тұрған сұмдық. Қылмыскерлерге қатысты әділ әрі заңды шешім қабылдаудың орнына, тергеу бағытын басқа арнаға бұру кімге тиімді? Біз бұл әрекетті жәбірленушіні қорқытып-үркіту және әділдікке жетуге кедергі келтіру деп бағалаймыз» деп жазылған парақшадағы жазбада.
Еске салайық, бұған дейін Гүлістан Хамит баспасөз мәслихатын өткізіп, қызының өз еркімен секірмегенін, жанында болған екі құрбысының бірімен жанжал болғанын айтқан. Сонымен қатар, өткен аптада сол қыздардың бірі — Дидар Мұқияттың адвокаты Жандос Палманов журналистерге Дидардың Ақнәрдің өліміне қатысы жоғын айтып, іске қатысты өз ұстанымын білдірген болатын.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт