Ақмолада сәбиін енді ғана дүниеге әкелген ана өз-өзіне қол жұмсады
Фото: freepik.com
Ақмола облысы Бұланды ауданына қарасты ауылдардың бірінде жас ана өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұм жақында ғана босанған. Полицияның хабарлауынша, әйел үйде жалғыз қалған сәтін пайдаланып, ауладағы шаруашылық құрылыстарының бірінде өзіне қол салған. Оның денесін алғаш болып туыстары тауып алған.
Қазір бұл жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша іс қозғалды. Тергеушілер әйелдің мұндай қадамға баруына босанғаннан кейінгі күйзеліс себеп болды ма, әлде басқа психологиялық немесе әлеуметтік факторлар әсер етті ме — соны анықтап жатыр.
Көршілер мен таныстарының айтуынша, марқұм тұрған үйді ауылдастары тұрмысы түзу, ашық-жарқын отбасы ретінде білетін.
Бұған дейін, сәуір айында, Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты Қаратоғай ауылында 25 жастағы мектеп мұғалімі де өз-өзіне қол жұмсағаны мәлім болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық