Ақтөбеде мектеп мұғалімі суицид жасады
25 жастағы мектеп мұғалімі асылып қалған. Алыс ауылда музыка пәнінен сабақ беретін мұғалім өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға 8 сәуір күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаратоғай ауылында болды. Жас ұстаздың денесі өз үйінен табылды. Шетырғыз ауылдық округіне қарасты шағын ауылда мұғалімнің асылып қалғаны белгілі болды. Оқиға таңғы уақытта болған.
«8 сәуір күні Қаратоғай ауылында сағат 07:00 шамасында ауыл тұрғыны өз үйінде асылып қайтыс болды. Қаратоғай мектебінің түлегі, 2019 жылдан бастап музыка пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. Өте белсенді, білікті мұғалім болды»,- деді Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Аянберген Қонысбайұлы.
Марқұм Темірлан Намазбай Ақтөбе педагогикалық колледжін тәмамдаған. Үйленбеген. Анасы ауыл мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. Ата-анасымен бірге тұрады.
Марқұм Қаратоғай мектебінде алты жылдан бері музыка пәнінен сабақ берген.
Қайғылы оқиғаға қатысты полиция 1999 жылы туған азаматтың өлімін растады. Анықтау, тергеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық