Ақмола облысында сот «жала жапқан» әйелді ақтады
Фото: freepik.com
Ақмола облысындағы сот жергілікті тұрғынның әлеуметтік желілердегі бейнеөтінішіне байланысты басталған жала жабу туралы әкімшілік істі тоқтатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Әкімшілік іс Шортанды аудандық сотында қаралды. Ақмола облысының тұрғыны өзіне әлеуметтік желіде М. есімді азаматшаның жала жапқанын айтып, сотқа жүгінген.
М. көпшiлiк алдында әлеуметтік желілерді пайдалана отырып жала жапты, яғни Ш.-нің абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiрді, оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратты деп айыпталды.
Іс материалына сүйенсек, азаматша М. оқиғаға кінәлі адамның жол апаты болған жерден кетіп қалғаны, ал құқық қорғау органдары істі бірнеше рет тоқтатқаны туралы бейнежазба жариялаған.
Сонымен қатар Ш.-ға қатысты қылмыстық іс тіркелгені анықталды. Іс 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың маусымына дейін 3 рет қозғалып, тоқтатылғаны айтылды.
М. өзінің бейнесінде қылмыстық істі тергеу де ұзаққа созылғанын айтты.
Сот әйелдің бейнесінде жалған мәліметтерді тарату фактісі жоқ екенін дәлелдеп, оны ақтап шықты.
Айта кетейік, Шымкентте жастар театрының басшысы сыбайластарымен бірігіп қомақты қаражат жымқырғаны анықталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық