Шымкентте жастар театрының басшысы сыбайластарымен бірігіп қомақты қаражат жымқырды
Фото: freepik.com
«Шымкент жастар театрының» директоры мен бірқатар лауазымды тұлғалар 136 миллион теңгеден астам мемлекеттік қаржыны жымқырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, театрға концерт өткізуге қажетті жабдықтарды сатып алуға бюджеттен 320 миллион теңге бөлінген. Алайда сатып алу рәсімінде заңбұзушылықтарға жол берілген.
«Күдіктілер электрондық дүкен арқылы жалған сатып алу рәсімін жасаған. Кейін бөлінген қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған», — деп хабарлады агенттік.
Тергеу барысында күдіктілердің бірі 48 миллион теңгеге көлік пен пәтер сатып алып, мүлікті жақындарының атына тіркегені анықталды.
Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде де ірі көлемдегі қаржы жымқыру тіркелген болатын. Тергеу нәтижесінде университет басшылығының жалған келісімшарттар арқылы 256 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын иемденгені белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық