Ақмола облысында күйеуін өлтірген әйел жазадан босатылды
Фото: Pixabay
Ақмола облысында 63 жастағы әйел жұбайына пышақ жарақатын салды, ол ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот отырысында әйел күйеуінің жұмысына бармай, карта ойнап, ішімдік ішетінін естіп, ашуланғанын айтты. Күйеуі оның бетінен ұрған кезде әйел қолындағы пышақты алып, күйеуіне бірнеше рет пышақты сұғып алған. Кейін әйел дереу жедел жәрдем шақырған, бірақ ер адам ауруханада көз жұмды.
Жергілікті сот бұл оқиғаны аффект жағдайында жасалған кісі өлтіру деп танып, әйелді кінәлі деп санады.
Сот үкімі бойынша оның 63 жаста екені және қайтыс болғаг күйеуінің жақындарының материалдық немесе моральдық талап арыздарының болмауы жеңілдететін жағдай ретінде ескерілді. Әйелге бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанымен, Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған амнистия заңына сәйкес ол жазадан босатылды.
Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Медет Бердалин пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық