Ақмола облысында ер адам түрмедегі тегін тамақ пен киім үшін қылмыс жасады
Фото: freepik.com
Ақмола облысында терроризм актісі туралы жалған хабар берген адам сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Аршалы аудандық сотында жалған ақпарат таратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот мәліметінше, күдікті 2019 және 2023 жылдары терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін екі рет сотталған. 2025 жылғы тамызда ол осыған ұқсас қылмысты тағы да қайталаған.
Ол 112 нөміріне қоңырау шалып, Астана қаласындағы автовокзалда жарылғыш зат қойылғанын айтып, елді дүрліктірген. Оқиға орнына уәкілетті қызметкерлер жіберіліп, тексеріс барысында террористік акт туралы ақпарат расталмаған.
Сотта ер адам кінәсін мойындады.
Оның сөзінше, қазір тұрақты тұратын жері болмағандықтан түрмедегі тегін тамақ пен киім үшін, осындай қадамға барған екен.
Сот үкімімен ер адам 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді.
Айта кетейік, Атырауда әйелін 35 жыл бойы қызғанып, ақыры атып өлтірген ер адам сотталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық