«Ақмешітті жаулап алу»: Бақытжан Бұқарбай қазақ тарихы туралы кітап шығарды
Фото: Бақытжан Бұқарбайдың жеке мұрағатынан
21 мамыр күні Amalbooks баспасынан шыққан «Путешествие по казахским степям и Туркестанскому краю» кітабының бейресми ашылуы өтіп, Бақытжан Бұқарбай меймандарға шығарған кітабын көрсетті. Бұл жиынға Orda.kz тілшісі қатысып қайтты.
Бақытжан Бұқарбайдың айтуынша, бұл кітап ХХІ ғасырдың ортасындағы оқиғаларға арналған. Сол кездегі қазақтардың күнделікті күн көрісінен бастап, қоғамдағы қарым-қатынасына дейін сипаттайды.
«Бұл «таза тарих» сериясындағы 16-кітап. Серия 2021 жылдан бері жарық көріп келе жатыр. Бұл серияда тек тың деректер ғана шығарамыз. Алда әлі жоспарда тұрған 18 кітап бар. Әрине, егер біз елімізді тануға көмегі тиеді-ау деген материалдар тауып жатсақ, 18 емес одан да көп болуы мүмкін. Бірақ әзірге жоспарымыз осы болып тұр», – деді Amalbooks баспасының басшысы Бақытжан Бұқарбай.
Бақытжанның айтуынша, олар мұндай кітаптарды кәсіпкерлердің қаржылай демеуімен шығарады.

Кітап наурыз айында жарыққа шыққан, алайда Бақытжан Бұқарбайдың айтуынша, ҚҚС бойынша мәселелер туындағандықтан көп кітаптың таныстырылымы кейінге шегерілген.
«Бұл кітапты қазірдің өзінде біз 2 рет басып үлгердік. Жалпы 3000 тираж болды. 1 басқанда 1500 дана шықты».
Amalbooks жетекшісі бұндай тарихи кітаптардың ақтайтынын, алайда ұзақ уақыт бойы жүретінін айтты. Өз мысалында ол Кенесары хан туралы тарихи кітапты 2021 жылы бастап шығарғанын, алайда олар әлі де сатылымда тұрғанын және шығарылған тираж әлі күнге дейін бітпегенін айтты.
«3 жыл бойы өз ақшаңызды күтіп жүрмес үшін, біз демеуші компаниялар іздейміз. Менің ойымша тарих баспагерлердің ғана міндеті емес, барынша осы тақырыпқа жанашыр адам көмектесіп шығарысу керек деп ойлаймын. Ал басқа кітаптарға келетін болсақ, біз демеушілік іздемейміз, өз бюджетімізге шығара береміз».
Бейресми кездесу кезінде кітапты қазақшаға аудару жоспарда бар-жоғын сұраған едік. Алайда Бақытжан Бұқарбай дәл осы кітапты қазақшаға аудара алмайтынын айтты.
«Біздің «таза тарих» сериямыздың аясында кейбір кітаптар қазақша да, орысша да жарық көреді. Кейбіреулері тек қазақша жарық көреді, ал кейбір кітаптарды біз орысша қалдыра береміз. Егер мына кітапты біз қазақшаға аударатын болсақ, бұның бюджеті көп болып кетеді. Кей кітаптар, әсіресе осындай құжатты қамтитын кітаптар аудармашылық тұрғысында біріншіден күрделі, екіншіден фактологияны дұрыс беру керек. Одан шығын да, уақыт та көп болады. Басқа кітаптарды қазақшаға аударатын кезде тарихи консультант жалдадық, бұндай деректерді аудару өте қиын».

Өз сөзінде Бақытжан Бұқарбай «Таза тарих» сериясында алдағы уақытта әлі 4-5 кітап немесе одан да көп шығып қалуы мүмкін екенін айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін осы жылдың наурыз айында AmalBooks баспасы жылдың алғашқы кітабын жарыққа шығарды. Баспа Рим императоры Марк Аврелийдің «Өзіңмен әңгіме» еңбегін қазақ тіліне тұңғыш рет аударған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық