Рим императоры қалай қазақша сөйледі?

AmalBooks баспасы биылғы жылдың алғашқы кітабын жарыққа шығарды. Баспа Рим императоры Марк Аврелийдің «Өзіңмен әңгіме» еңбегін қазақ тіліне тұңғыш рет аударды. Orda.kz тілшісі кітаптың тұсаукесеріне қатысты.
Бұл еңбек өзіңді тануға, өзіңмен сырласуға арналған. Автор оқырманның ішкі әлеміне үңіліп, қиындықтарды қалай еңсеру керектігін көрсетеді. Жоба авторы әрі кітаптың жауапты редакторы – AmalBooks баспасының негізін қалаушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай. Кітапты Бақытжан Бұқарбай мен Нұргүл Есенгелді аударған.
«Бұл – менің ең сүйікті туындым, тұлға болып қалыптасуыма ықпал еткен №1 еңбек. Алғашқы тоғыз тарауын өзім аудардым», – дейді Бақытжан Бұқарбай.
Іс-шараны әдебиетші Тілек Рысбек ашып, қазіргі қазақ баспасының дамуына баға беріп, автордың еңбегінің ерекшелігіне тоқталды.
«Қазақстанда дәл қазіргі уақытта баспа ісінің алтын дәуірі басталған сияқты. Қазақ кітаптары тағы бір маңызды туындымен толықты деп ойлаймын. Бұл – қазақ руханияты, философиясы мен әдебиеті үшін жақсы жаңалық. Қазақ тілінде философияға қатысты кітаптарды табу өте қиын еді. Марк Аврелий император бола тұра, халқының ауыр жағдайында бағалы заттарын сатып, елге көмектескен. Ол қарапайым өмір салтын ұстанып, халықты салықтан да босатқан. Император адамгершілік қағидаттарын ұстанған», – деді Тілек Рысбек.


Жиынға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің оқытушысы Әсет Абайұлы да қатысты. Ол философиялық еңбектердің қазақ тіліндегі нұсқаларын табу қиын екенін атап өтіп, баспалардың бұл бағытқа назар аударғанына қуанышты екенін жеткізді.
«Философия саласындағы кітаптарды аударуға көп аудармашы тәуекел ете бермейді. Бұл таныстырылым – шақырғандатғана емес, өзіміз іздеп келетін шара болып тұр. Адам табиғаты оңашалықты, оқшаулықты қалайды, өйткені ол өзімен-өзі сырласып, өмірін ой елегінен өткізеді. Сондықтан Марк Аврелийдің шығармасы қанша ғасыр өтсе де өз құндылығын жоймаған. Бұл кітап – ойланғанды, өмірі туралы толғанғанды жақсы көретін азаматтар үшін жазылған», – деді Әсет Абайұлы.
Жиынға философия ғылымының ғалымдары, философиялық шығармаларды аударған мамандар, ғылым докторлары мен профессорлар қатысып, кітаптың маңызы туралы пікір білдірді.


Бақытжан Бұқарбай AmalBooks баспасының 2016 жылы негізі қаланғанын, ал 2021 жылы баспа бағытына тарихи тақырыптар қосылғанын атап өтті. Кейіннен баспа философиялық кітаптарды да шығара бастады. Бұған оның бала күнінен философияға қызығуы себеп болған.
«Мен бала күнімде автордың шығармаларын оқып көрдім, бірақ түсіне алмадым. 2016 жылы ғана Марк Аврелийдің еңбектерін толықтай ұғына бастадым. Философиялық шығармалардың ерекшелігі – жасың өскен сайын, өмірлік тәжірибең артқан сайын жаңа қырынан көрінуінде. Бұл кітаптың пайдасын 2020 жылы өз тәжірибемде сезіндім. Сол жылы үйсіз-күйсіз далада қалған едім. Бұл еңбек маған бір жылдың ішінде үйлі болуға көмектесті. Бұл – көркем шығарма емес, тілі күрделі емес. Аудару да оңай болды, өйткені кеңестері өміріме пайдасын тигізді. Сондықтан бұл еңбек басқаларға да көмектеседі деп ойлаймын», – деді Бақытжан Бұқарбай.


Кітап авторы Марк Аврелий – 161–180 жылдары Рим империясын басқарған император. Ол «тақта отырған философ» атанған. Марк Аврелий 121 жылы 26 сәуірде Римде дүниеге келген, 180 жылы 17 наурызда қазіргі Вена қаласының маңында қайтыс болған. Антониндер әулетінен шыққан. Ол Рим империясының өркендеуіне үлес қосқан бес ұлы императордың бірі әрі стоицизмді дамытқан философ ретінде танымал.
Марк Аврелий өз ойларын, өмірлік тәжірибелерін қағазға түсіріп отырған. Ол грек тілінде он екі еңбек жазған. Оның шығармалары Ежелгі Рим философиясының классикасы саналады. Император болған кезінде философия дәрістерін өткізген. Сенаторлар оның дәрістерін арнайы сұранып тыңдайтын болған.


Бақытжан Бұқарбай жиын соңында баспа ісінің қарқыны қазақ оқырмандарының сұранысына байланысты болатынын айтты. Қазақстанда орыс тіліндегі кітаптардың, соның ішінде Марк Аврелийдің «Өзіңмен әңгіме» еңбегінің орыс тілдегі 7 нұсқасы да сатылып кететінін алға тартты.
«Қазақ оқымайтын халық. Бұған дейін де қаншама кітаптар шығардық. Мың данамен шыққан кітаптар әлі бар. Өтпейді. Мотивациялық, бизнес туралы кітаптарға сұраныс бар. Үйтіп-бүйтіп жыртығымызды жамаймыз. Кейде күйіп кеткен кездер де болды. Қазіргі таңда баспагердің жағдайы мәз емес. Қазақстанда барлық нәрсе қымбаттайды. Бірақ кітаптың бағасы өспейді. Егер бұл кітапты қымбаттатсақ, оны алатын адам таппай қаламыз. Баспалар кітапты әуелі аударады, кейін басып шығарады. Сосын оқырманға барып не үшін бұл кітапты оқу керегін түсіндіреді. Соның өзінде бұл кітаптың толық сатылып кетуі екі талай», - дейді баспагер.
Жиын соңында келген қонақтар кітаптың сапалы түрде шыққанын, аударма тілі түсінікті екенін ескеріп, баспагерлерге өз алғыстарын айтты.
Жаңалықтар
- Алматы тау шаңғысы кластері жылына 7,5 млн турист қабылдай алады
- Ерейментауда жас футболшылар апатқа ұшырады: басшылық турнир туралы білмеген
- Полицейлер Алматы жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады
- Тоқаев Ресей энергетика министрін қабылдады
- Ақмола облысында балалар футбол командасы бар автобус төңкеріліп, жаттықтырушы қаза тапты
- Эр-Риядта Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды
- Қазақстанда қауіпті жазбадан қорғайтын балалардың SIM карталары сынақтан өтіп жатыр
- Жаңаөзендегі лицей түлегін ұрып-соғуға қатысты түсініктеме берілді
- АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтар өз еркімен кетуі тиіс
- «9 айыпты»: Шерзат ісіндегі куәгерлер бар сұмдықты жайып салды
- «Қазір қаруымды шығарып, атамын»: Шерзат көз жұмған түн туралы куәгер қыз баяндады
- Қазақстандық «Болашақ» стипендиаттары Флоридадағы атыс кезінде зардап шекпеді
- Елорда да 25 кәсіпорынға заңсыз шектеу қойылғаны белгілі болды
- Отарда сарбазды ұрып, жансақтау бөліміне түсірген сержант 3 жылға сотталды
- «Байбектің жұбайымен таныс»: Экс-судья Светлана Жолманованың алаяқтығы ашылды
- «Хуторлықтар» біздің көршімізді пышақтап, атып өлтірген – Қаржаубай Нұрымов
- Семейде мектеп мұғалімі оқушыны зорлағаны үшін өмір бойына сотталды
- Ақтөбеде аурухана қызметшілеріне тас төсеткізіп қойды
- Бөлшектеп, кішкентай табытқа тыққан: Қазақстанда «сұраусыз» мәйіттерді қалай жерлейді?
- «Daricorn жанжалдың ортасында қалды»: блогерге жауап берген бала буллингке ұшырады