Әкімдер жылу маусымында энергия нысандары дайындығы үшін жеке жауап береді
Фото: gov.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдері Қазақстандағы энергия нысандарының дайындығы үшін дербес жауапкершілік арқалайтынын деп мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қазіргі таңда Үкімет резервінен 25 млрд теңгеден астам қаржы бөлу мақұлданды. Бұл қаражат Жетісу облысы, Абай облысы, Ақмола облысы және Шығыс Қазақстан облысында жылу көздерін жөндеуге және салуға, сондай-ақ төрт өңірде шамамен 30 шақырым жылу желілерін жөндеуге бағытталады. Қаражаттың тиімді жұмсалуын және алынған нәтижені бақылау қажет. Қазірдің өзінде кейбір өңірлерде жұмыстардың созылып кету қаупі байқалады. Егер күзде өңірлерде дайындық паспортын алмау фактілері тіркелсе, әкімдер жеке жауап береді», — деді Бектенов үкімет отырысында
Үкімет басшысы өңір әкімдіктеріне екі апта ішінде барлық конкурстық рәсімдерді өткізіп, жөндеу жұмыстарына кірісуді тапсырды.
«Мұнда артық бюрократия болмауы тиіс. Жылумен жабдықтау нысандарын жөндеу жұмыстары тамыз айының соңынан кешіктірілмей аяқталуы қажет. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен өңір әкімдіктері 1 қыркүйекке дейін білім беру және денсаулық сақтау нысандарының толық дайын болуын қамтамасыз етуі тиіс. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары 15 қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлерде 15 қазанға дейін толық дайын болуы қажет», — деп нақтылады ол.
Сонымен қатар, премьер-министр әкімдерге нысандарға тұрақты түрде барып, жағдайды жеке бақылауда ұстауды тапсырды.
Оқи отырыңыз:
- Өскемендегі «Қазмырыш» кәсіпорнында жарылыс: Премьер-министр тапсырма берді
- Түтін тұншықтырды: Алматы аспаны зиянды шығарындылардан арылмай тұр
- Қазақстанның бір өңірінде екі АЭС салу қажеттілік пе?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық