«Әкелікті мойындамай жүр»: Маңғыстау өңірінің басшысы Нұрдәулет Қилыбай ДНҚ жасатпайтын болды
Коллаж: Orda.kz
Маңғыстау әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен одан ұл тудым деген мәслихаттың экс-депутаты Ынташ Наурызова арасындағы әкелікті тану туралы тартыс әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Апелляциялық инстанция Наурызованың шағымын қараусыз қалдырды. Осылайша іс ДНҚ-тестіне дейін жеткен жоқ. Бұл туралы Наурызова әлеуметтік желіде хабарлады. Әйел үміттенген генетикалық сараптама тағайындалмаған күйі қалды.
Бұған дейін Orda.kz Ынташ Наурызова Қилыбайға қарсы сотқа арыз беріп, 2022 жылы одан ұл туғанын мәлімдегенін жазған еді. Оның сөзінше, Қилыбай ұзақ уақыт бойы баланы ерікті түрде өзі мойындайды деп күтіп келген. Алайда олай болмай, сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Әйелдің айтуынша, арыз бергеннен кейін ол аймақтағы билік тарапынан қысымға ұшыраған. Кеше ол әлеуметтік желіде тағы да президент Тоқаевтан көмек сұрап, өзіне әкімшілік арқылы қысым көрсетіліп жатқанын жеткізді.
«Құрметті президент мырза, сізден көмек сұраймын. Маңғыстау облысының сотынан да, құқық қорғау органдарынан да әділдікке қол жеткізе алмай отырмын. Ұлымның әкесі Нұрдәулет Қилыбай мені осындай жағдайға жеткізді. Амалым таусылды. Енді кімге жүгінерімді білмеймін. Қоғам мені айыптайды. «Неге үйлі-баранды адаммен байланысқа түстің?» дейді. Ал маған Facebook-та қайта-қайта жазып мазамды алған кезде ол неге өз отбасын ойламады?» – деді Наурызова.
Редакция Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне бұл жағдайға қатысты пікір беруін сұрап жүгінген еді. Бірақ әзірге жауап келмеді.
Нұрдәулет Қилыбай бұл жағдайға 2024 жылдың желтоқсанында ашық пікір білдірді.
«Айтылғандай, жылтырағанның бәрі алтын емес. Әлеуметтік желілерде жазылғанның бәрі шындық емес. Соның ішінде сіз айтқан дүниелер де бар. Әрине, мен бәрін бақылап отырмаймын, бірақ қызметіме байланысты әріптестерім көрсетеді. Кейбір нәрселермен келісемін, кейбірімен жартылай, ал кейбірімен мүлдем келіспеймін», – деген екі ұшты пікір айтқан еді аймақ басшысы.
Дегенмен де, Нұрдәулет Қилыбай осы күнге дейін әкелік мәселесін ашық түрде теріске шығарған жоқ.
Orda.kz оқиғаны бақылап, ақпарат таратып отырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық