«Әйелін тірідей өртеген»: Сот Ресей азаматын елден шығармаған подполковникті кінәлі деп таныды
Коллаж: Orda.kz
Алматыда Ресей азаматының бұрынғы әйелі Индира Тергеубаеваны дүкенімен қоса өртеп жіберген қылмыс бойынша сот отырысы аяқталды. 13 сәуірде Алматы аудандық сотында көші-қон подполковнигі Данияр Әденовке қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салар болсақ, Индираның күйеуі шетел азаматы.
Жәбірленушінің айтуынша, Жоғарғы сот оны депортациялау туралы үкім шығарған. Алайда бір жарым жыл бойы көші-қон полициясы оны Қазақстаннан шығармаған.
«Жоғарғы соттың депортациялау туралы шешімі болса да, көші-қон полициясы ол адамды Қазақстаннан шығармады. Ол мені өлтіремін деп үнемі қорқытатын, ылғи полицияға барып шағымданатынмын. Ақыры 40 литр бензин әкеліп, дүкенмен қоса мені өртеп жіберді», – дейді жәбірленуші Индира.
Әденов Жоғарғы соттың шешімімен Индираның экс-күйеуін депортациялау керек еді. Алайда оның салғырттығынан қылмыс болды. Ресей азаматы өрт кезінде тірідей жанып кетті, ал Индира Әденовті сотқа беріп, жеңіл жаза сұраған прокурордың шешіміне қарсы шықты.
Данияр Әденовке прокурор оқиғаның 4 жыл бұрын болғанын айтып, тек кеткен шығындарды өтеуді және істі тоқтатуды сұраған болатын. Жәбірленуші мен қорғаушылар прокурордың бұл қылығына наразы болды.
13 сәуірде Алматы аудандық сотында көші-қон подполковнигі Данияр Әденовке қатысты сот шешімі шықты.
Данияр Әденовті осы 371 баптың 2-бөлімі бойынша кінәлі деп таныды, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты оны жазадан босатты. Бірақ іс бойынша айыпталушы болып танылды.
Шығын жағына келсек, судья 1 млн ғана төлеуге шешім шығарды, қалғанын азаматтық сот ісін жүргізуге жібереміз деді.
Ал басшы мен қызметкерлерге қатысты судья екі арнайы ұйғарым шығарды.
Ал шешімдерді ауызша жариялады. Яғни, қатысушыларға үкім әлі дайын емес.
Еске сала кетсек, Orda.kz Алматыда Ресей азаматының бұрынғы әйелі Индира Тергеубаеваны дүкенімен қоса өртеп жібергені және оқиға орнында өзінің қайтыс болғаны жайлы жазған болатын. Ресей азаматын депортацияламаған подполковникті Тергеубаева сотқа берген еді.
Жаңалықтар
- Тоқаевтың экс-кеңесшісін өлтірген адам 11 жылға сотталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Сараптама айыпталушыны есі дұрыс деп таныды
- Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды
- «Құман екеуіміз өмір бойы халық үшін еңбек еттік. Бізде кәсіп болмады»: Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді
- Қаңғыбас иттер туралы даулы заң мәжіліске қайтарыла ма?
- Алматыда Zeekr көлігімен болған жол апатын тергеу екі аптада аяқталады
- Көлік сатамын деп алдаған: Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
- Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
- Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды
- Алматыда 81 жастағы зейнеткерді ұрлаған күдіктілер ұсталды
- Путин Жеңіс күні қарсаңында Украинамен уақытша бітімге келуі мүмкін
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді