Алматыда Ресей азаматы әйелін дүкенімен қоса өртеп жіберді

Алматыда Ресей азаматының бұрынғы әйелі Индира Тергеубаеваны дүкенімен қоса өртеп жіберген қылмыс бойынша сот процесі аяқталып қалды. 8 сәуірде Алматы аудандық сотында көші-қон подполковнигі Данияр Әденовке қатысты отырыс өтті.
Әденов Жоғарғы соттың шешімімен Индираның экс-күйеуін депортациялау керек еді, алайда оның салғырттығынан қылмыс болды. Ресей азаматы өрт кезінде тірідей жанып кетті, ал Индира Әденовты сотқа беріп, жеңіл жаза сұраған прокурордың шешіміне қарсы шықты. Orda.kz оқиғаның мән-жайын анықтады.


Күйеуі дүкенмен қоса өртеп жіберген Индира Тергеубаеваның шағымына қатысты үкім тыңдауы өтті. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары дер кезінде көмек көрсеткенде мұндай сұмдық болмас еді. Қалалық көші-қон басқармасының қызметкері Тергеубаның сөзін де, соттың депортациялау туралы шешімін де назарға алмаған.


Еске салар болсақ, Индираның некеде болған күйеуі шетел азаматы. Жәбірленушінің айтуынша, Жоғарғы сот оны депортациялау туралы үкім шығарған. Алайда бір жарым жыл бойы көші-қон полициясы оны Қазақстаннан шығармаған.
«Жоғарғы соттың депортациялау туралы шешімі болса да, көші-қон полициясы ол адамды Қазақстаннан шығармады. Ол мені өлтіремін деп үнемі қорқытатын, ылғи полицияға барып шағымданатынмын. Ақыры 40 литр бензин әкеліп, дүкенмен қоса мені өртеп жіберді», – дейді жәбірленуші Индира.
Экс-күйеу 2020 жылы қаңтар айында Индираның үйіне баса-көктеп кіріп келіп, бетіне қару тақаған. Алайда шолақ мылтықтың шүріппесі басылмай қалып, Индира бір ажалдан аман қалады. Қызының қамын ойлаған Индира Әлимен араздықты ұмытып, банктен 3 млн теңге несие алып, дүкен ашады. Ғимаратты айына 130 мың теңгеге жалға алады. Былтыр 21 желтоқсанда сол дүкенге Әли жетіп келіп, Индираны дүкенімен қоса өртеп жібереді.
«Ол дүкенге кіріп келіп, сатып алушыларды итеріп шығарып жіберді. Бауыржан деген ауыл тұрғынының мойнына тапанша кезеп «шық» деп бұйырды. Мен телефонды, дабыл пультін алуға қорықтым. «Сөйлесейікші» деп жалына бастадым. Ол маған «сөйлесуге тым кеш, екеуміз бүгін бірге өлеміз» деді. Ол жанар май толы канистрды алып, аузын ашып, жерге төкті. Бүкіл тоңазытқыштың астына жанармай төгіліп жатыр. Терезелер жабық. Темір канистрдағы жанармайды алып, маған шашты. Мен дүкеннің ішінде қашып жүрдім, ол мені есіктен шығармай қойды. Сосын жанармайды өзінің үстіне құйды. Сөйтіп от қойып жіберді. Ары қарай не болғанын білмеймін, тек жанып жатқанымды ғана сездім», – дейді Индира Тергеубаева.
Өрт болардан бір күн бұрын Индира Алатау аудандық полиция бөліміндегі Нұржан есімді полицейді шақырып, экс-күйеуінің үстінен шағым жазған. Полицей ертең келемін деп, сол күйі хабарсыз кетті, дейді Индира. Дәл полицей келмеген күні дүкенде жарылыс болған.
«Бірінші кезекте көші-қон полициясы Жоғарғы соттың шешімін орындаған жоқ. Ресей азаматын, яғни менің экс-күйеуімді депортацияламады. Екінші кезекте Алатау аудандық полиция бөліміне наразымын. Менің шағымыма құлақ аспады. Бір айда маған бес рет ота жасалды. Екі аяғымның терісін алып, күйген жерлерге салды. Қолым мүлдем қимылдамайды. Қасық ұстап тамақ іше алмаймын. Бір-ақ күннің ішінде мүгедек болдым да қалдым. Осыған кім жауап береді?» – дейді жәбірленуші.
Бұл оқиғадан соң Индира Тергеубаева 10 рет ауыр отадан өтіп, бет-әлпетінде тыртық қалды. Индираның айтуынша, көші-қон полициясы басқармасының кінәлі инспекторы Данияр Әденов келіп, кешірім де сұрамаған. Сотта Индира Тергеубаева еңбекке жарамсыз, мүгедектік үшін 74 мың теңге алатынын айтты.




Айыпталушы Әденов сотта кінәсін мойындамады. Оның адвокатының айтуынша, Әденов қызметкер ретінде заң талаптарын толық орындаған.
Данияр Әденовке прокурор оқиғаның 4 жыл бұрын болғанын айтып, тек кеткен шығындарды өтеу туралы жаза сұрады. Сот залындағы жәбірленуші мен оның адвокаттары өз наразылығын білдіріп, прокурормен келіспейтіндерін және тағы да шағым түсіретіндерін айтты.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан әділдік іздеген жанға прокурордың ісіне көңіліміз толмайды. Менің адвокаттық тәжірибемде полиция қызметкерлері бір-біріне қатты көмектеседі. Міне, бүгін тағы көзім жетіп отыр. Иықтарындағы пагондары бұларды кез келген жерден алып шығады, — деді Жуасбаева Гүлнәр.
Адвокат Жуасбаева тіпті Қошмамбеттегі 99 азаматты азаптаған полиция қызметкерлеріне аз жаза берілгеніне шағымданды. Оның айтуынша, бұлар бір-біріне көмектеседі.
Екі жылдан астам уақытқа созылған қылмыстық іске қатысты сот үкімі 15 сәуірде шығады.
Жаңалықтар
- Алматы тау шаңғысы кластері жылына 7,5 млн турист қабылдай алады
- Ерейментауда жас футболшылар апатқа ұшырады: басшылық турнир туралы білмеген
- Полицейлер Алматы жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады
- Тоқаев Ресей энергетика министрін қабылдады
- Ақмола облысында балалар футбол командасы бар автобус төңкеріліп, жаттықтырушы қаза тапты
- Эр-Риядта Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды
- Қазақстанда қауіпті жазбадан қорғайтын балалардың SIM карталары сынақтан өтіп жатыр
- Жаңаөзендегі лицей түлегін ұрып-соғуға қатысты түсініктеме берілді
- АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтар өз еркімен кетуі тиіс
- «9 айыпты»: Шерзат ісіндегі куәгерлер бар сұмдықты жайып салды
- «Қазір қаруымды шығарып, атамын»: Шерзат көз жұмған түн туралы куәгер қыз баяндады
- Қазақстандық «Болашақ» стипендиаттары Флоридадағы атыс кезінде зардап шекпеді
- Елорда да 25 кәсіпорынға заңсыз шектеу қойылғаны белгілі болды
- Отарда сарбазды ұрып, жансақтау бөліміне түсірген сержант 3 жылға сотталды
- «Байбектің жұбайымен таныс»: Экс-судья Светлана Жолманованың алаяқтығы ашылды
- «Хуторлықтар» біздің көршімізді пышақтап, атып өлтірген – Қаржаубай Нұрымов
- Семейде мектеп мұғалімі оқушыны зорлағаны үшін өмір бойына сотталды
- Ақтөбеде аурухана қызметшілеріне тас төсеткізіп қойды
- Бөлшектеп, кішкентай табытқа тыққан: Қазақстанда «сұраусыз» мәйіттерді қалай жерлейді?
- «Daricorn жанжалдың ортасында қалды»: блогерге жауап берген бала буллингке ұшырады