«Әйелін атпен сүйреп өлтірген»: Талдықорғандағы елдің жағасын ұстатқан іс сотқа жетті
Фото: әлеуметтік желілерден
27 қарашада Жетісу облысының сотында Айзат Жұманованы өлтіру ісі бойынша алдын ала тыңдаулар басталды. Өлімші етіп әйелін сүйреген ер адам ауруханаға оны өзі жеткізген. Дәрігерлер Айзаттың өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, жарты сағат өткен соң ол қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бастапқыда іс ҚР ҚК-нің 106-бабы «абайсызда адам өлтіруге әкеп соғатын ауыр денсаулыққа зиян келтіру» бойынша қозғалған.
Суреттер мен куәгерлердің көрсеткіштеріне қарағанда 32 жастағы Айзат мұндай жарақаттарды «абайсызда» ала алмаған. Оны ұзақ уақыт бойы аяусыз соққыға жығып келген. Жақындары қайта сараптама жасатуды талап етті. Оның нәтижесі қорқынышты болып шықты. Соққылардың сипаты бір рет қана емес, үнемі аяусыз ұрып келгенін көрсетті.
Соңында тергеушілер істі ҚР ҚК-нің 99-бабы «қасақана өлтіру» бойынша қайта қарауға мәжбүр болды.
Судья Әділет Бақытов алдымен тараптарды тыңдап соттың ашық болатынын жария етті. Алайда күдікті тарап БАҚ-тың қатысуына қарсы болды. Сондықтан алдыңғы сот отырыстарында күдіктіні фото-видеоға түсіруге болмайды.
Прокурор Билібеков Нұрлан айыптау актісін оқып шықты. Прокурордың сөзінше, Жанболат Айбар қылмыс жасалған күні мас болып, қызғаныштан Айзат Жұмановаға ауыр соққы жасаған. Айзат бірнеше мәрте көмек сұрап, тоқтауын өтінсе де, күдікті ұруды жалғастырған. Ол жәбірленушінің басына және маңызды ағзаларына қатты соққы жасап, қыз жансыз күйге түскеннен кейін ғана оны ауруханаға апарған.
«Жанболат Айбар қылмыс болған күні төрт-бес бөтелке сыра ішіп, мас күйі үйіне келген. Сол уақытта ол Айзат Жұманованың бұрын біреумен телефон арқылы сөйлескенін есіне түсіріп, қызғаныштан оны қасақана өлтіру туралы ойлаған. 2025 жылғы 22 маусым шамамен сағат 12-де ол Айзат Жұманованы үйдің сыртына шығарып, денесінің әртүрлі жеріне қол-аяғымен бірнеше рет соққы жасаған. Айзат айқайлап, тоқтауын сұраса да, күдікті соққыны жалғастырған. Ол жәбірленушінің басына және өмірлік маңызды органдарына ауыр соққылар жасап, қыздың жансыз қалғанын көре тұра жедел жәрдем шақырмаған. Айбар өзінің қылмысын жасыру мақсатында Айзаттың тілге келмей қалуын әдейі күтіп, кейін оны өзі ауруханаға апарған. Жанболат Айбар Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі «қасақана адам» өлтіру фактісі бойынша айыпталып отыр», — деді прокурор айыптау актісін оқығанда.
Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Арман Шәріпов істің бастапқыда «Абайсызда адам өлтіріп алумен» қозғалып, тек эксгумация жасалған соң ғана 99-бапқа, яғни «қасақана адам өлтіру» айыбына ауысқанын айтты.
«Бұл қылмыстық іс басында 106-баптың 3-тармағы бойынша қозғалған болатын. Яғни, «абайсызда адам өліміне әкеп соғу». Бұл баппен, әрине, біз келіспедік. Соның салдарынан біз қосымша комиссиялық сараптама тағайындауға өтініш білдірдік және жәбірленуші тараппен ақылдаса келіп, өкінішке қарай, Айзаттың денесін жерден қазып алып, эксгумация жасатып, қосымша сараптама жүргіздік. Соның нәтижесінде қазіргі таңда қылмыстық іс 99-бапқа «қасақана өлтіру» айыбына ауыстырылды. Біз басынан 106-баппен келіспей 99-бапқа ауыстыруға өтініш хаттар жолдаған едік», — Шәріпов.
Сонымен қатар, Жұманованың нағашы әпкесі Раушан Дәуренбекова сот залында күйеу баласының қылмысты мойындаудан толықтай бас тартқанына қатысты өзінің пікірін білдірді.
«Ол қылмысты мойындаған жоқ. Мойындау немесе мойындамау — әр адамның Конституциямен берілген құқығы. Ол мойындай ма, мойындамай ма, біз осы уақытқа дейін бәрін дәлелдеп келдік, әрі дәлелдеуді жалғастырамыз. Бірақ күйеу бала мойындамағанның өзінде, оның ағайын-туыстары бізден кешірім сұраған жоқ. Осы күнге дейін бір ауыз сөз айтып келмеді. Бастапқы күннен бастап қалай өтірік айтты — сол өтіріктеріне өздері әлі де сеніп отыр. Тіпті жаңа ғана сот залына кірген кезде де бізбен амандаспады. Бізді адам құрлы көрмейді», — деді Дәуренбекова.
Енді іске қатысты алғашқы сот отырысы 5 желтоқсанға жоспарланды. Алдағы уақытта да «Орда» сот отырыстарынан тікелей ақпарат таратып отырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық