Айдос Садықовқа оқ атқан адам қазір полиция қызметкері емес – ІІМ
Фото: Facebook / Наталья Садықова
Қазақстан ішкі істер министрлігі «Айдос Садықовқа оқ атқан адам қазір полиция қызметкері емес» деп жауап қайтарды.
Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Еске сала кетейік, Украина полициясы Айдос Садықовқа оқ атқандардың бірі бұрынғы полиция қызметкері Мейрам Қаратаев екенін анықтаған соң, Наталья Садықова өз сөзінде «Оқ атқан өз ісінің шебері екенін, ал тапсырыс берген президент екенін айтқанда қателеспеппін» деген болатын.
«М.Қаратаев атты азамат 2019 жылдың қаңтарында ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған. Қазір ол полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз. Қазір мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес істің барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті шараларға тез арада кірісіп жатырмыз. Істің нәтижесі жайлы ақпарат береміз» деп мәлімдеді ішкі істер министрлігі.
Еске сала кетейік, 18 маусымда Киевтегі үйінің жанында белгісіз біреулер Айдос Садықовқа оқ атты. «Бәсе» атты оппозициялық жобаның авторына оқ атылғанда қасында оның жұбайы әрі осы жобаның мүшесі Наталья Садықова болған. Ол жарақат алған жоқ. Бұған дейін Айдос Садықовтың «Бәсе» арнасында Тоқаевты сынаған Ресейдің «қуыршағы» делінетін бейнежазба жарияланған болатын.
Кейін жарақат алған журналистке ота жасалғаны және жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды. Маусымның 19-ы күні осы іске қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, осы мәселені шешу үшін Украина тарапына ресми сұрау салып, қажет болған жағдайда қазақстандық қызметкерлер тергеу ісіне араласып, шындықты ашуға көмектесетінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық