Наталья Садықова күйеуін кім өлтірмек болғанын айтты
Фото: Hromadske
Наталья Садықова Украина полициясы «Бәсе» youtube арнасы авторына оқ атқан екі Қазақстан азаматын ұстағанын айтты.
Бұл туралы Айдос Садықовтың жұбайы Наталья Садықова Facebook парақшасында жариялады.
Оқ атқандардың бірі 1991 жылы туған Мейрам Қаратаев болса, екіншісі және 1988 жылы туған Алтай Жақанбаев болып шықты. Мейрам Қаратаевтың Қостанай облысының полиция қызметкері екені анықталды.
«Украина полициясы Айдос Садықовты өлтірмек болған қылмыскерлерді тапты. Олар Қазақстан азаматтары болып шықты. 1991 жылы 9 мамырда туған Мейрам Қаратаев және 1988 жылы 8 ақпанда туған Алтай Жақанбаев. Бұл арамзалар бұйрық алып, 2 маусымда Киевке келіп, жалдамалы пәтерде тұрған. Айдостың соңынан аңдып, қастандық жоспарлады.
Оның үстіне Мейрам Қаратаев Қостанай облысы ІІД қызметкері, қызметкерлер арасында оқ ату жарысында бірінші орынды иеленген сұрмерген.
Мен Тоқаевтың тапсырысымен қастандық жасады дегенде қателеспеген екенмін. Оқ атқан нағыз мерген дегенім де айдай келді. Менің украиндықтарға деген алғысым шексіз. Қазір Айдостың жағдайы бір қалыпты. Қолдауларыңыз үшін баршаңызға рахмет» деп жазбасын аяқтады Наталья Садықова.
Бұған дейін Наталья Садықова Айдос Садықовтың өміріне қастандық жасады деп президентті айыптаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық