Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
Фото: Азия ойындары-2026 Ұйымдастыру комитеті
Жапонияда өтетін Аичи-Нагоя-2026 XX жазғы Азия ойындарының ұйымдастырушылары жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне табысталатын медальдардың дизайнын таныстырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаңа медальдар спортпен қатар, Азия құрлығының тарихы, мәдениеті мен табиғатын да бейнелейді.
Медаль тұжырымдамасы негізіне Ойындардың «Біртұтас Азияны елестет» ұраны алынған. Оның негізгі идеясы бір кездері ортақ кеңістік болған Азия құрлығының уақыт өте келе түрлі тілдер мен мәдениеттер қалыптасқан сан алуан аймақтарға бөліну тарихын көрсету. Ал спорт осы алуан түрлі өңірлерді қайта біріктіретін ортақ күш ретінде сипатталған.
Медаль дизайнын жапониялық дизайнер әрі шығармашылық директор Дайсукэ Сиба әзірлеген. Оның жобасы арнайы байқауда үздік деп танылған. Байқауға дизайн саласында білім алып жүрген студенттер де, кәсіби мамандар да қатысқан.
Дайсукэ Сиба медальдің пішінін жасау барысында керамикалық дискілерді бірнеше рет сындырып, пайда болған бөлшектерді мұқият зерттеген. Табиғи әрі эстетикалық тұрғыдан тартымды пішін табылғанға дейін тәжірибе жалғаса берген.
Дизайнердің айтуынша, бұл үдеріс спортшының үлкен жарысқа дейінгі жолын бейнелейді. Атлеттер де өз жолында талай қиындық пен сынақтан өтеді. Олардың әрбір еңбегі, төккен тері мен күш-жігері ақырында бір арнаға тоғысып, жеңістің символына айналған медальмен түйінделеді.

Жүлделердің салмағы мен құрамы да әр санатқа қарай ерекшеленеді. Салмағы шамамен 265 грамм болатын алтын медаль таза күмістен жасалып, кемінде 1 грамм алтынмен қапталады. Күміс медальдің салмағы шамамен 264 грамм және ол таза күмістен дайындалады.
Ал қола медаль құрамында 95 пайыз мыс пен 5 пайыз мырыш бар қызыл жезден құйылады. Оның салмағы шамамен 222 грамм болады.
Медальдарды дайындауда қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де басымдық берілген. Қажетті металдардың бір бөлігі Aichi-Nagoya 2026 Recycled Medal Project бағдарламасына қатысқан муниципалитеттер жинаған шағын электронды құрылғылардан алынған. Осылайша ұйымдастырушылар пайдаланылған материалдарды қайта өңдеуді қолдап, экологиялық жауапкершілікті насихаттауды көздеген.
Медальдің өзі ғана емес, оны тағуға арналған таспа да ерекше мағынаға ие. Оның негізгі элементі – какицубата, яғни жапон құртқашашы гүлінің бейнесі. Бұл өсімдік Аичи префектурасының ресми гүлі саналады.
Таспаға гүл жапырақтарының пішінінен шабыттанған иілген доғалар енгізілген. Оның жалпы композициясы спортшылардың сымбатты әрі мықты болмысын бейнелеуге бағытталған.
Сонымен бірге бұл дизайн Аичи мәдениетін әлемнің басқа өңірлерімен байланыстыру және жергілікті мәдени мұраны келешек ұрпаққа жеткізу идеясын білдіреді.
Жүлденің қаптамасы да арнайы концепция бойынша жасалған. Оның сыртқы және ішкі пішіні сегіз қырлы. Қаптаманы безендіруде жапон тіліндегі «八» – «сегіз» иероглифі пайдаланылған.
Бұл таңба тарихи тұрғыда қазіргі Аичи префектурасының аумағын бір кездері басқарған Овари Токугава әулетінің эмблемасында болған. Иероглиф қазіргі Нагоя қаласының таңбасында да кездеседі.
«八» таңбасының сыртқа қарай кеңейетін пішіні бүгіннен болашаққа қарай бағытталған қозғалысты білдіреді. Сонымен бірге ол ұзақ мерзімді даму мен өркендеуге деген үміттің белгісі ретінде қарастырылған.
Қаптаманы дайындауда Аичидің мәдени дәстүрлері де ескерілген. Өңірде шай рәсімі ежелден қалыптасқан. Жапонияда бағалы шай құралдарын арнайы ағаш жәшіктерде сақтау дәстүрі бар.
Осы дәстүрге байланысты медаль қаптамасы Аичиде өсірілетін жапон кипарисі – хиноки ағашынан жасалған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Аичи-Нагоя-2026 медалі жай ғана спорттық жүлде емес. Оның әрбір бөлшегі Азияның тарихы мен мәдениетін, өңір табиғатын және қазіргі заманғы экологиялық құндылықтарды өзара байланыстырады.
Медальдің пішіні мен фактурасынан бастап, таспасы мен ағаш қаптамасына дейінгі барлық элемент спортшыларды, қабылдаушы өңірді және спорт арқылы бірігетін Азия елдерін байланыстыратын ортақ идеяны жеткізуге бағытталған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт
- Қазақстанда жол ережесін бұзатындарға тұзақ көбейді: Дрон, камера және лазер іске қосылды
- Өз әкесінен алимент өндіріп алған студент. Істің жай-жапсары
- Колумбияда алапат жер сілкінісі болып, 112 адам қаза тапты
- Қазақстанның 20 өңірінде мерез сырқаты өршіп, Шымкент қаласында 72,5%-ға артқан
- «Отбасы банк» қызметкерлері тұрғын үй кезегін сатқаны анықталды
- Алматыда ақбөкеннің бір тонна мүйізі 1,2 млрд теңгеге сатылымға шығарылды
- Канье Уэстің концерті өтетін күні Алматыда үш көше жабылады: Алаяқтар билет сатып жатыр