Адвокаттардан бас тартпайды: Қаржаубай Айтбек Амангелдінің көмегін қажет етпеді
Коллаж: Orda.kz
Шерзат Болаттың отбасы адвокаттардан бас тарпайтынын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеше, 18 наурыз күні Айтбек Амангелді баспасөз-конференциясында Қаржаубай Нұрымовтың адвокаттардан бас тартқанын айтқан еді.
Айтбектің айтуынша, ол бір күн бұрын Шерзаттың туыстарымен кездескен. Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Перизат Нұрымова адвокаттардан бас тарту туралы Айтбек Амангелдінің хабарлағанын айтты. Оның сөзінше, Айтбек Қаржаубайдың анасына дөрекілік танытқан көрінеді. Қаржаубай бұл жағдайдан кейін екеуінің келіспейтінін, келісімшартты бұзатынын ескертіпті.
Енді Қаржаубай Нұрымовтың отбасы Айтбек Амангелдінің көмегінен үзілді-кесілді бас тартып отыр.
«Айтбек мырза Қаржаубайдың жазған хатын неге желіге салғаны белгісіз. Оны өзі түсіндіре жатар. Бірақ Қаржаубай тек ескерту айтқан болатын. Біз адвокаттардан бас тартпадық. Жаңа құрылған қорғаушылардың нақты кімдер екенін айтпадық. Бірақ қазіргі қорғаушылар мен бұрынғы адвокаттар істі бірге жүргізсе деп отырмыз», - деді Перизат Нұрымова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық