Адвокат Мұрат Адамның сотында жарыссөз басталды: Судья Бажкенованы шақырудан бас тартты
Фото: facebook / Murat Adam
15 қаңтар күні Алматыда адвокат Мұрат Адамды лицензиясынан айыруға қатысты сот процесінің төртінші күні өтті. Сот отырысы таңғы сағат 10:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жалғасып, қорғаушылардың наразылығын тудырды. Адвокаттардың айтуынша, қолданыстағы ережелерге сәйкес бір сот отырысының ұзақтығы 4 сағаттан аспауы тиіс.
Orda.kz тілшісі сот отырысына қатысып қайтты.
Күннің бірінші жартысында сот іс материалдарын зерттеді. Осы ретте Orda.kz басылымының негізін қалаушы әрі теңқұрылтайшысы Гүлнәр Бажкенованы сотқа шақыру қажеттігі туралы өтініш қайта көтерілді. Алайда судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.
«Оны сотқа шақырудың қажеті жоқ, оның құқықтары бұзылып отырған жоқ. Ол адвокатты ауыстыруға құқылы», – деді Дәурен Тілеубаев.
Сонымен қатар судья іс материалдарына филологиялық сараптама жүргізу туралы өтінішті де қабылдамады. Азаматтық істің жеделдетіп қаралуына байланысты күннің екінші жартысында тараптардың жарыссөзі басталды.
Қорғаушылар бұрынғы отырыстарда алға тартқан уәждерін қайта келтірді. Олардың пайымдауынша, егер заң талаптары немесе адвокаттардың кәсіби этика кодексі бұзылғаны жөнінде жеткілікті негіз болса, азаматтық іс емес, тәртіптік өндіріс қозғалуы тиіс еді. Қорғаушылар бұл мәселені азаматтық іс тәртібімен қарап, лицензиядан айыруды — қате әрі шектен тыс қатал шара деп санайды.
Сот шешімі 16-қаңтар сағат 16:00-де белгілі болады.
Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы сотта Мұрат Адамды лицензиясынан айыру туралы Әділет министрлігінің талап-арызы қаралып жатыр. Отырыс барысында сотқа әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланған 16 материал ұсынылды. Алайда адвокаттың өзі бұл материалдардың бір бөлігінің оған еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық