«Адам болып қалу – басты міндет»: Қарлығаш Жақиянова Сара Назарбаева туралы естелігін жариялады
Фото: old.aqmeshit-zhastary.kz
Семей және Павлодар облысының бұрынғы әкімі, кезіндегі Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Ғалымжан Жақияновтың жұбайы Қарлығаш Жақиянова Сара Назарбаева туралы естелігін жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол соңғы уақытта Сара Алпысқызына қатысты түрлі пікірлер мен алып-қашпа әңгімелер тарағанын айтып, 2003 жылы болған жеке оқиғаны еске алды. Сол жылы Жақиянова күйеуімен жолығу үшін Құсмұрын түрмесіне бара жатқан кезде, әуежайда оған бірінші болып Сара Алпысқызы қоңырау шалғанын жазады.
«Қарлығаш, қалайсың?» – деді ол. Таныс әрі мейірімді дауысын естіген сәтте мен қатты толқып, үн қатуға шамам келмей қалды. Жылауға шақ қалдым. Ол мұны сезіп: «Өз-өзіңді қолға ал, жаным. Сен мықтысың. Есіңде болсын, мен әрдайым сенің жаныңдамын», – деді» деп жазды Жақиянова.
Оның айтуынша, бұл қысқа ғана диалог өзіне үлкен демеу болған.
Біршама уақыттан кейін Сара Алпысқызы қайта хабарласып, Өскеменге ұшатынын айтқан. «Бұл жолы менімен бірге тек ең жақын адамдарым барады. Сенің де бізбен бірге болғаныңды қалаймын», – деген ол. Жақиянова бұл сапардың Сара Алпысқызы үшін тәуекелге толы болғанын, алайда ол осылайша қолдау білдіргісі келгенін жеткізді.
Өскеменде оларды бір кездері Ғалымжан Жақияновпен жұмыс істеген жергілікті шенеуніктер қарсы алған. Қарлығаш олардың өзін бірден танығанын, алайда шенеуніктер оған мән бермегендей болғанын айтады.
«Сол сәтте бір адам: “Қарлығаш апай, бұл сіз бе?” – деп сұрады. Мен бірден «Сонар» ансамблінің жетекшісі Ғибратты таныдым. Сол кеште әртістер өнер көрсетіп, шара соңында Ғибрат сахнаға шығып: “Құрметті Сара апай, мен шын жүректен қуанып тұрмын. Біз Ғалымжан ағамыз үшін қатты алаңдаймыз. Соған қарамастан, сіз бізге Қарлығаш апайды әкелдіңіз – бұл мені таңғалдырды. Сізге алғысым шексіз” деді», – дейді Жақиянова.
Оған жауап ретінде Сара Алпысқызы: «Өмір – әдемі, бірақ оңай емес. Адам болып қалу – басты міндет», – деген.
Қарлығаш Жақиянова өз жазбасында Сара Алпысқызын ең қымбат әрі жақын адамы ретінде сипаттап, оның ары да, жаны да таза болғанын атап өтеді.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева Қаскелең маңындағы Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымына жерленген болуы мүмкін. Өйткені зиратта жаңа қабір пайда болғаны байқалды.
Жаңалықтар
- Тоқаев білім жүлдегерлеріне 6,5 млн-дық сыйақы сертификатын тапсырды
- Алматыда тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тапты, тағы төртеуі ауруханада
- ШҚО-да ер адам бірнеше жыл бойы қызын зорлаған
- Министрлік көлік жүргізушілерге үндеу жасады
- «Аз жалақыға ауыр жұмыс істейді»: Коммуналдық қызметкерлерді сынап басы дауға қалды
- Леңгірде бетперде киген адамдар үйге кіріп, әйелді бірнеше сағат бойы ұстаған
- Павлодар облысында трактор екі баланы қағып кетті
- Жаңа оқу жылы: Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
- Әуежайда бет-жүзбен 15 секундта тексеру: Қазақстанда жолаушылар үшін не өзгереді?
- Президент дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үздік жеңісімен құттықтады
- ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады: Бес партия мандат алады
- Маңғыстауда 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасаған соңғы күдікті ұсталды
- Бас прокуратура мемлекетке келтірілген 66,5 млрд теңге залалды анықтады
- Қазақстандықтардың шетелден Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды
- Энергетикалық ресурс: Иранда жаңа газ қоры табылды
- «Қара түтінге тұншықтық»: Алматыдағы тұрғын үй кешенінен өрт шықты
- Exit poll нәтижесі жарияланды: Құрылтайға қанша партия өтті?
- ҚР ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуға жол берілген жоқ
- Бостандық ауданында сайлау учаскесіне ЕҚЫҰ бақылаушылары келді
- Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу белсенділігі түстен кейін арта түсті