Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы қайтыс болды
Фото: abaialemi.kz
95 жасқа қараған шағында профессор, ғалым Мекемтас Мырзахметұлы қаза болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Абайтану, бауыржантану, мұхтартану, яссауитану және Абайдың поэзиясына қатысты еңбектер жазған ғалым ғұмырын осы ұлы тұлғалардың мұрасын жинап, келер ұрпаққа талдап, жүйелеп, түсірумен айналысты. Оның зерттеулері Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік», Яссауидің «хал ілімі», Абайдың «толық адам» ілімі секілді өте құнды дүниелерді қамтыды.
Мекемтас Мырзахметұлы кеңес кезінде-ақ Ресейдің миссионерлік саясатын әшкерелеп «Қазақ қалай орыстандырылды» атты еңбегін жазды.
«Абай Құнанбаев. Библиографиялық көрсеткіш» (1965), «Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары (1982), «Абай жүрген ізбенен» (1985), «Абайтану. Библиографиялық көрсеткіш» (1988), «Абайдың адамгершілік мұраттары» (1993), «Абайтану тарихы» (1994), «Восхождение Мухтара Ауэзова к Абаю» (1994), «Абай және Шығыс» (1995), «Әуезов және Абай (1996), «Түркістанда туған ойлар» (1998), «Түркістан, Тараз арасы...» т.б. құнды еңбектері бар.
Orda.kz Мекемтас Мырзахметұлының жақындарына және қазақ халқына қайғырып көңіл айтады.
Еске сала кетсек, 9 қаңтар күні қазақтың заңғар жазушысы, тарихшы Мұхтар Мағауин шетелде қаза болды. Қазақ әдебиетіндегі жазушылар осы қаралы хабардан соң Orda.kz тілшісіне жазушы жайлы, оның шетелге кетуі жайлы пікірін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық