Абай облысында күйеуін құтқарамын деп адам өлтірген әйел бостандыққа шықты
Фото: Ашық дереккөзден
Күйеуін қорғаған әйел кассациялық тәртіпте ісі қайта қаралып, бостандыққа шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылғы шілде айында Абай облысында азаматша С. күйеуін құтқаруға тырысып, оны тұншықтырып жатқан ер адамға ағаш сынығымен бір рет қатты соққы жасаған. Сол кезде шабуыл жасаған адам оның күйеуінің мойнын аяғымен басып тұрған. Алған жарақат салдарынан шабуыл жасаушы көз жұмды.
Аудандық сот С.-ны Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сонымен қатар, одан моральдық зиянды өтеу ретінде 3 миллион теңге өндірілген. Облыстық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Кассациялық шағымда сотталған әйел мен және оның адвокаты оқиғаның күйеуін шабуылдан қорғау кезінде болғанын көрсетіп, сотталғанның әрекетін неғұрлым жеңіл бапқа қайта саралауды сұраған.
Кассациялық сот С.-ның өз күйеуін қорғау мақсатында әрекет еткенімен келісті. Сонымен бірге, сот оның басынан ауыр затпен соққы жасау арқылы қажетті қорғаныс шегінен шығып кеткенін ескерді.
Сонымен қатар, оның жасаған ісіне өкінгені, кәмелетке толмаған баласының болуы, III топтағы мүгедектігі, сондай-ақ оқиғаға себеп болған жәбірленушінің өзiнің құқыққа қайшы мінез-құлқы ескерілді.
Нәтижесінде кассациялық сатыдағы сот алдыңғы сот актілерін өзгертіп, С.-ның әрекетін Қылмыстық кодекстің 112-бабының 2-бөлігіне қайта саралап, оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Кассациялық қарау кезіне қарай бұл мерзім толық өтеліп қойғандықтан, С. сот отырысы аяқталғаннан кейін қамаудан босатылды (№ 6003-25-00-1к/1712-2).
Оқи отырыңыз:
- «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы тағайындалды
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды
- Иран АҚШ-тың қарулы соғысына «логистикалық соғыспен» жауап беріп, стратегиялық тығырыққа тіреді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық