Абай облысында көлік апатынан зардап шеккен қыздың жансақтау бөлімінде жатқанына бір айдай болды
Фото: Бейнеден кадр
Абай облысының Үржар ауданы Бестерек ауылындағы апаттан зардап шеккен тоғыз жастағы қыз әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы өзгеріссіз сол қалпы. Қызға жансақтау бөлімінде механикалық желдету аппараты қосылған.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 19 тамыз күні болды. 55 жастағы автокөлік жүргізушісі үй қақпасының жанында ойнап жүрген алты баланы қағып кетті. Олардың үшеуі оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқандардың кенжесі небәрі екі жаста, ал үлкені сегізде.
6 мен 9 жас аралығындағы үш бала ауруханаға жатқызылды. Кейін екеуі Астанаға санитарлық авиациямен жіберілді. Бір қыздың жағдайы өте ауыр болғандықтан аудандық ауруханада қалды. Президенттің тапсырмасы бойынша өңірге елорданың мамандары шұғыл келіп, бірнеше ота жасады. Кейін қызды Семей медициналық университетінің ауруханасына жеткізді.
Көлік жүргізушісі екі айға қамауға алынды. Оның туыстары қайғылы оқиғаның себебі жүрек талмасы болды деп мәлімдеді.
Айта кетейік, Қостанай облысында әйелінің экс-күйеуінен ақша бопсалаған ер адам ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық