«900 млн теңге»: Астанада заңсыз жұмыс істеген майнинг фермасы анықталды
Фото: freepik.com
Астанада 2022 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін майнинг фермасын қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде көрсетіп, жасырып келген үш азамат ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚМА-ның мәліметінше, заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер 143 млн теңгеден асқан. Тінту барысында 1 257 цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық, өнеркәсіптік желдеткіштер мен трансформаторлық станция табылды.
Майнинг дегеніміз — сандық ақша табудың бір жолы. Бұған қуатты компьютерлер және электр қуаты керек. Алайда елде мұнымен айналысу үшін ресми тіркеліп, салыққа есеп беріп тұру қажет.
Сот шешімімен 900 млн теңгеден астам мүлік, 2 көлік және майнинг жабдықтары тәркіленді. Сот 3 азаматқа айыппұл салу жазасын тағайындады. Олар мемлекетке 143,2 млн теңге қайтаруы керек.
Еске салайық, Ақтөбеде 2022-2024 жылдар аралығында 12 млн теңгені бәске тіккен екі мектептің директоры сотталған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық