Ақтөбеде 12 млн теңгені бәске тіккен екі мектептің директоры сотталды
Фото: Orda.kz
Ақтөбеде қос бірдей спорт мектебінің директорына «Алдау» бабы бойынша үкім шықты. Олар спорт мектебінің алаңдары мен жаттығу залдарын жалға беріп, түскен ақшаны ұтыс ойынына салып жіберген, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбедегі жасөспірімдерге арналған футбол мектебінің бұрынғы директоры Мақсат Әуелбаев пен хоккей спорт мектебінің бұрынғы директоры Қайрат Ділмановтың ірі көлемде бюджет қаржысын иемденгені дәлелденді. Олар ҚК-тің 195-бабының 4 бөлігі 2 тармағы бойынша жауапқа тартылды. Алдын ала келісіп, сенімге кіріп, қызметтік өкілеттілігін пайдаланып, ірі көлемде пайда тапқан қос директорға 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

«Мақсат Әуелбаевты 2 жылға бас бостандығынан шектеу, Қайрат Ділмановты 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын. 3 жыл мемлекеттік қызметпен айналысуға шектеу қойылсын», — деді судья.
Жарыссөзде прокурор сотталушыларды 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот келтірілген шығынның өтелгенін, олардың бұрын сотталмағанын және балалары барын ескерді.
Спорт мектебінің бұрынғы директорлары енді пробациялық бақылауда болады. Олардың түнгі уақытта көңіл көтеру орындарына баруына сот тыйым салды. Егер талап орындалмаса, бас бостандығынан шектеу бас бостандығынан айыру жазасына өзгертіледі.
Іс алғашында «Алаяқтық» деген баппен тергелді. Сотқа түскеннен кейін «Алдау» бабына өзгертілді.
Іс материалдарына сүйенсек, сотталушылардың бюджет ақшасын иемденуі 2022 жылдан басталды. Мектеп алаңдарын жалға беріп, қаржыны жеке мақсатқа иемденген, ұтыс ойындарына салған белгілі болды.
2022 жылдың қаңтары мен 2024 жылдың шілде аралығында Ділмановтың жүйесі бойынша футбол алаңын жалға алушылардан жалпы 11 579 565 теңге түскен. Сонымен қатар сотталушының қызының есепшотына тағы 650 720 теңге түсті. Ақшаның бір бөлігін сотталушылар құмар ойынға салып жіберген. Шығын өтелді.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық