9 ай бойы дұрыс емдемеген: БҚО-дағы аурухана қайтыс болған науқастың отбасына өтемақы төленеді
Фото: Pexels
2023 жылдың желтоқсанында Бәйтерек ауданының тұрғыны Дарьинск ауылындағы ауруханаға құсу және қара түсті нәжіс шағымымен жүгінген. Тоғыз ай бойы дәрігерлер оны нәтижесіз емдеп, қымбат уақытты жіберіп алған. 2024 жылғы 15 тамызда ер адам онкологиялық аурудан қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Дәрігерлер салғырттық танытып, алаңдатарлық талдау нәтижелерін елемеген, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамаларын бұзған, бейінді мамандарды тартпаған және науқасты уақытында онкологқа жолдамаған.
Медицина қызметкерлері өз кінәсін мойындамай, аурудың жасырын түрде өткенін мәлімдеді. Алайда тексерулер олардың уәждерін толықтай жоққа шығарды.
Сот марқұмның отбасы берген талап арызды ішінара қанағаттандырды. Аурухана марқұмның жесірі мен баласына моральдық зиян үшін өтемақы төлеуге міндеттелді. Әрқайсысына 700 мың теңгеден төленеді.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық