«5000 шақырым жүріп өткен ата»: Ақтаудан велосипедпен шығып Парижге жетті
Фото: Бейнеден кадр
Қазақстандық велосипедші Раббым Борашев мамыр айында велосипедпен Ақтаудан шыққан болатын. Ақыры қазақстандық азамат Парижге жетті.
5000 шақырым жүріп, Тбилиси, Анкара, София, Белград, Будапешт, Вена және Мюнхен жолдары арқылы жүріп өтіп, Триумфальды аркаға жетті. Оны Қазақстаннан келген туристер, қазақ диаспорасы және француз азаматтары қарсы алды.
Бұл туралы Aktau.kz хабарлады.
Париждегі салтанатты қарсы алу рәсіміне Қазақстанның Франциядағы елшісі Гүлсара Арыстанқұлова мен туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты. Бұл сапар Париж Олимпиадасының ашылуымен сәйкес болып отыр.
Еске сала кетейік, 26 шілдеде басталып 11 тамызға дейін жалғасатын Олимпиада ойындарында Қазақстаннан 80-нен астам спортшы ел намысын қорғайды. Бұған дейін Қазақстан құрамасы жазғы Олимпиада ойындарына ел намысын қорғау үшін аттанғаны жайлы жаздық. Orda.kz тілшісі Парижге спортшылар аттанарда сәт сапар тілеп, шығарып салған болатын.
Жаңалықтар
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
- Қазақстан премьер-лигасы матчында «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» жеңді
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды