Қазақстан құрамасы жазғы Олимпиада ойындарына Парижге аттанды
Фото: Orda.kz
Туризм және спорт министрі XXXIII жазғы Олимпиада ойындары спортшыларын шығарып салу салтанатына келді
17 шілде күні республикалық Олимпиада дайындық базасында Олимпиада ойындары қатысушыларымен кездесу өтті. Спортшыларды шағарып салу салтанатына Ислам Байрамуков грек-рим күресінен Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов боксшы, жүзуден Сидней олимпиадасының жеңімпазы Дмитрий Игоревич Баландин, жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий Карпов келді.
XXXIII жазғы Олимпиада 2024 жылғы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан атынан 80 спортшы 25 спорт түрінен 81 медаль жиынтығын сарапқа салады. Маржықпаев Ермек Боранбайұлы Туризм және спорт министрі олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тілеп, демеу берді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және бүкіл халық болып сіздерге үміт артамыз. Парижде туымыз тұғырдан көрінсін. Мемлекет тарапынан споршылардың барлық жағдайы жасалды. Біз барлығына үміт артамыз. Парижде өтетін ойындарда еліміздің атынан шығу құрметті және өте жауапты міндет. Сіздің чемпиондық мінезіңіз, табандылығыңыз, жеңіске деген жігеріңіз, шеберлігіңіз, жаттықтырушы, дәрігер, массаж терапевттерінің қажырлы еңбегімен бірге үлкен нәтижеге әкелетініне сенімдімін. Еліміз Тәуелсіздік жылдарында жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының 79 жүлдегерін, оның ішінде 15 Олимпиада чемпионын шығарды. Олимпиада жетістіктері – бүкіл елдің әлемдегі имиджі, мемлекеттің әл-ауқатының көрсеткіші, ең бастысы, бұл сіздердің көп жылғы қажырлы еңбектеріңіздің жемісі болмақ»,- деді министр Маржықпаев Ермек.
Министр Париж Олимпиадасына жолдама алу оңай жолмен келмейтінін атап өтті. Экс-туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Анатолий Қожекенұлы Құлназаровқа министр Маржықпаев Ермек шапан жапты.
«Жеңіл атлетика 8 лицензия ұтып алды. Споршыларымыз жеке бапкермен дайындалды. Олимпиадаға жолдама алу әрбір спортшы үшін үлкен жетістік. Бізде легионер жоқ, барлық спортшылар Қазақстандық, біз оларды 15 жасынан дайындап келеміз. Мен әрқайсысына өзіме сенгендей сенемін. Споршыларға ауа-райы басқа да жағдайлар әсер етпейді. Диванда отырып сынаудың қажеті жоқ, әр жылда рейтинг жоғарылауда. Осы Олимпиада спортшылардың 4 жылдық еңбегін көрсетеді»,- деді бас бапкер Дмитрий Карпов.
Олимпиадаға бір ай қалғанда жүзуден 2 лицензияны Адильбек Мусин мен Ксения Игнатова жеңіп алды.
«Қазіргі таңда оларға қатты үміт артудың керегі жоқ. Өйткені олар өте жас. Тәжірибелері аз, олардан медаль күту әділетсіздік деп ойлаймын. Олимпиадада жақсы өнер көрсетсе жаман емес. Олардың ең басты мақсаты мақтан тұтарлық өнер көрсету. Жартылай финалға шыққанының өзі көрсеткіш. Спортшыларымызға жанкүйер болуларыңызды сұраймын»,- деді Дмитрий Баландин.
Олипиада қатысушылары үлкен жауапкершілікті сезгеннен кейін уайымда жүр. Сол себепті спортшылар тілшілердің сұрағына жауап бермеді.
«Барлық бара жатқан споршыларға үміт бар. Рейтингте Азамат Дәулетпек бірінші орында тұр. Жаттығу үздіксіз болғандықтан, жақын арада линцензия алғандар үшін қорқудың қажеті жоқ. Еркектің қанында күресу болғандықтан, споршылар жақсы көрсеткіш көрсетеді деген үміттеміз»,- деді Ислам Байрамуков.
Бапкерлер споршылардың дайындығын жоғарғы деңгейде екендігін алға тартты. Экс-туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Анатолий Қожекенұлы Құлназаров спортшыларға сәттілік тілеп, батасын берді. Сондай-ақ, Orda.kz тілшілері спортшыларымызға тек биіктен көрініп, әнұранымызды Париждің төрінде шырқалуын тілейміз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық