5 қазан елімізде Тыныштық күні
Фото: pixabay.com
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанда референдум алдындағы және дауыс беру күні кез келген үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынғанын еске салады, деп хабарлайды Orda.kz.
Осылайша, 2024 жылғы 5 және 6 қазанда бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде интернетте және онлайн платформаларда референдум өткізу туралы үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады.
Референдум туралы ақпараттық материалдарда үгіт белгілері болмаса тыйымдар қолданылмайды.
Сайлаушыларды референдумға қойылған мәселеге «келісемін» немесе «қарсымын» деп дауыс беруге шақыратын материалдардың бәрі үгіт материалдары болып саналады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-алаңдарда қоғамдық пікірге сауалнама нәтижелерін, референдум нәтижелерінің болжамдарын, референдумға байланысты өзге де зерттеулерді, референдум мәселесін жақтап немесе қарсы дауыс беруге жол берілмейді.
Тыйымды орындамағандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Интернет-ресурстарда бұрын орналастырылған үгіт-насихат материалдарын сайттың басты бетіне шығаруға тыйым салынады. Олардың қаралымының көбеюіне жол бермеу үшін пайдаланушылар үшін пікір қалдыру функциясын өшіру ұсынылады.
Референдумды өткізу күні, шарттары, дауыс беру тәртібі, оның ішінде жарнамалық баннерлер, референдумға дейінгі күндерді санау және т.б. туралы бұрын орналастырылған түсіндірме ақпараттар интернет-ресурстар мен телеарналарда алдағы күнге жылжытылмайды.
Жаңалықтар
- Қайын жұртын қырып салған күйеу балаға жаңадан айыптар қосылды
- Путин мен Тоқаев стратегиялық серіктестікті талқылады
- Данай Шайықов әлемдегі ең мықты кәсіби хоккей лигасының мүшесі болды
- Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
- «16 жасында елді дүр сілкіндірген ақын»: Мұхтар Шахановтың өмірі мен ұстанымы
- Құрылтай — жаңа формат: Президент Құрылтай сайлауы мен оның маңызына тоқталды
- Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы алғашқы жұп белгілі болды
- Тарихи өзгеріс: Қос палатаның соңғы отырысы
- Талғарда сегіз үйді өрт жалмап кетті
- 2026 жылғы 1 шілдеде бірден алты лауазымды тұлға тағайындалады
- «75 ісі»: Қамшыбек Тәшиевке тоғыз жыл түрме жазасы сұралды
- Мүфтият мәһрдің ең төменгі мөлшерін түсіндірді
- Елдегі жанармай талан-таражға түспейді: Ресеймен шекарада бақылау күшейтілді
- Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза болды
- ӘЧ-2026: Роналду, Месси және Мбаппе — Forbes тізіміндегі бестіктің табысы қанша?
- Астанада полиция туралы ролик түсіріп, жариялаған блогер жазаланды
- Әкімшілік амнистия: 300 миллион теңгеге жуық айыппұл кешіріледі
- АҚШ елшілігі: Сұхбат қазақ тілінде өтіп, 10 жылдық виза беріледі
- Паттайяда туристің шабаданынан 17 жастағы қыздың мәйіті табылды
- Алтын іздегендер жер қопаруды қояр емес – ҚМА ауқымды арнайы операцияны көрсетті