5 баласы тірідей өртенген ана сотталды
Фото: Envato
Қостанай облысында бес баласы өртеніп кеткен ана сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қостанай облысы Жітіқара аудандық сотында ҚК 292-бабының 3-бөлігімен айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Еске салайық, Қостанай облысында 5 бала өртеніп кеткен еді. Балалардың анасы перзенттерін қараусыз қалдырдып, үлкен ұлына үйдің іші салқындаған жағдайда пеш жағу керегін айтқан.
Ұлы пешке отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды жағып, пеш жанында белгісіз сұйықтықпен жатқан пластикалық бөтелкені отқа салады. Салдарынан пештегі от қатты лаулап, үйдің іші өртене бастайды. Өрт салдарынан бес бала қайтыс болды.
5 баласынан айырылған ана кінәсін мойындады. Прокурор сотталушыға шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
ҚК-нің 11-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жоғарыда аталған қылмыс абайсызда жасалған орташа ауыр қылмыстар санатына жатады. Сот әйелге 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады және ҚК-нің 74-бабының негізінде жас баланың болуына байланысты жазаны орындау кейінге қалдырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық