Қостанай облысында өрттен 5 бала қаза тапты
Фото: elements.envato.com
Қостанай облысында өрттен 5 бала қаза тапты. Анасы оларды қараусыз қалдырған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін таңғы сағат 5 - шамасында Жітіқара қаласында жеке үй отқа оранды. Құтқарушылар шақырту алғаннан кейін 7 минутта оқиға орнына келген. Алайда бұл кезде үй толықтай жалынға оранып, төбесі құлап түскен.
Өкінішке қарай, өрт кезінде үйде 6 кәмелетке толмаған бала болды. 1 жастан 7 жасқа дейінгі 5 баланың денесі үйінді астынан табылды. Ең үлкені, 2011 жылы туған бала ғана аман қалды.
Алдын ала ақпарат бойынша, балалардың анасы кештен бері танысының үйінде болып, оларды қараусыз қалдырған. Анықталғандай, балалардың әкесі жазасын өтеу мекемесінде отыр.
«Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері анықталуда. Өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды. Қайғылы оқиғаға байланысты психологтар туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар қажетті көмек, оның ішінде материалдық көмек те көрсететін болады», деп түсіндірді Қостанай облысы әкімдігі.
Қазіргі таңда, тергеу басталды, өрттің алдын ала себебі – пешті қараусыз қалдыру. Оқиға орнында облыс прокурорының бірінші орынбасары Бауыржан Бекбосынов жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қылмыстық істің тергеу барысы Бас прокурорының бақылауына алынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық