+42 градусқа дейін: Алматы аптап ыстықпен аэрация арқылы күресіп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда 20 шілдеге дейін сақталуы мүмкін аптап ыстыққа байланысты көшелерді суару және ауаны аэрациялау жұмыстары күшейтілді. Бұл туралы Orda.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.
Қаланың коммуналдық инфрақұрылым басқармасы мен тұрғын үй инспекциясы Instagram желісінде әкімдікпен бірлескен жазба жариялап, мамандар мегаполис көшелерін аптап ыстық кезінде қалай салқындататынын бейнежазба арқылы көрсетті.
Мәліметке сәйкес, Қазгидромет деректері бойынша 16–20 шілде аралығында қалада ауа температурасы кей жерлерде +42 градусқа дейін жетуі мүмкін.
«Биылғы маусымда алғаш рет ауа температурасы +40 градустан асады. Осыған байланысты қалада көше-жол желісін салқындату шаралары күшейтілді. Ең ыстық уақытта 128 көшеде 16 арнайы техника тізбегі жұмыс істеп, суару және ауаны аэрациялау жұмыстарын жүргізеді. Бұл асфальттың қызып кетуін азайтып, шаңды басуға және қала аумағындағы температуралық жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік береді» деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар күн сайын жолдар, тротуарлар, аялдамалар және басқа да қалалық инфрақұрылым нысандары осылай салқындатылып жатыр.
Біз бұған дейін Алматының шыжыған ыстығы 50 жыл бұрын тіркелген температура рекордын жаңартқанын жаздық. Алматыда 16 шілде күні жаңа температуралық рекорд тіркелді. Ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріліп, 1976 жылғы ең жоғары көрсеткіштен асты.
Сонымен қатар Алматыда шілденің алғашқы екі аптасында тұрғындар жедел жәрдемді 33 мыңнан астам рет шақырған. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, биылғы шыжғырған ыстыққа байланысты қала тұрғындары шұғыл медициналық көмекке жиі жүгінетін болған. Дәрігерлердің айтуынша, жоғары температура әсіресе қарт адамдар, балалар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар азаматтар үшін қауіпті.
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, елдің тоғыз облысында жауын-шашын тапшылығы күтіледі. Атап айтқанда, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарының жекелеген аудандары қауіп аймағында тұр.
Оған қоса, жағдайды қатты ыстық одан әрі күрделендіреді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық