41 ел біріккен мәлімдеме жасады: Зымыран ұшырмас бұрын 24 сағат бұрын ескерту талап етілді
ЖИ жасаған иллюстрация
Әлемнің 41 елі баллистикалық зымырандардың ұшырылуы туралы алдын ала хабарлау жөніндегі бірлескен мәлімдеме жасады, онда зымыран ұшырмас бұрын 24 сағат бұрын ескерту талап етілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Бірлескен мәлімдеме 2026 жылғы 11 тамызда Женевада өткен Қарусыздану жөніндегі конференция отырысында жасалды.
Төмендегі мәлімдемені Америка Құрама Штаттары, Албания, Австралия, Австрия, Бельгия, Болгария, Канада, Хорватия, Чехия, Дания, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Грекия, Венгрия, Исландия, Италия, Жапония, Латвия, Литва, Люксембург, Маршалл Аралдары Республикасы, Черногория, Нидерланд Корольдігі, Жаңа Зеландия, Солтүстік Македония, Норвегия, Палау, Филиппин, Польша, Португалия, Корея Республикасы, Румыния, Словакия, Словения, Испания, Швеция, Түркия, Украина және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің үкіметтері жариялады.
Мәлімдеме мәтінін толық жариялауды жөн көрдік:
Біз барлық тиісті мемлекеттерді құрлықаралық баллистикалық зымырандар (ҚБЗ), сүңгуір қайықтардан ұшырылатын баллистикалық зымырандар (СҚБЗ) және ғарыштық зымыран-тасығыштардың ұшырылуы туралы зардап шегуі мүмкін мемлекеттерге алдын ала хабарлау тетіктеріне қатысуға міндеттеме алуға шақырамыз. Осындай тетіктердің бірі – Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы Гаага мінез-құлық кодексі. Оған қазіргі таңда 145 мемлекет қатысады.
Тынық мұхиты аймағында жақында өткізілген зымыран сынақтары ҚБЗ, сүңгуір қайықтардан ұшырылатын баллистикалық зымырандар және зымыран-тасығыштарды ұшыру кезінде мемлекеттер қақтығыстардың алдын алу және тиісті тараптарға хабарлау үшін ұстанатын қалыпты тәжірибеге сәйкес келмеді.
Ядролық оқтұмсықтарды алып жүруге қабілетті баллистикалық зымырандарды жеткілікті алдын ала ескертусіз және толық ақпарат берместен сынау – қауіпті. Мұндай әрекеттер сынақтар өткізілетін аумақтарға жақын орналасқан мемлекеттердің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Бұл қате есептеулер қаупін арттырып, жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті әлсіретеді. Сонымен қатар ол алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды қолдану мүмкіндігіне ие мемлекеттердің жауапкершілік қағидатына қайшы келеді.
Біз барлық мемлекеттерді, әсіресе құрлықаралық баллистикалық зымырандарды, сүңгуір қайықтардан ұшырылатын баллистикалық зымырандарды және зымыран-тасығыштарды ұшыратын ядролық қаруға ие елдерді мұндай ұшырылымдар туралы кемінде 24 сағат бұрын хабарлауға шақырамыз.
Хабарламада баллистикалық зымыранның немесе зымыран-тасығыштың жалпы санаты, ұшырудың жоспарланған уақыты, ұшыру ауданы және жоспарланған бағыты сияқты ақпараттар қамтылуы тиіс.
Сондай-ақ мемлекеттер халықаралық стандарттарға сәйкес ұшқыштар мен теңізшілерге нақты ескертулер беруге тиіс. Бұл, әсіресе, зымырандардың құлауы немесе қонуы күтілетін аудандардағы қауіп-қатерді азайту үшін қажет.
Реттелген әрі ашық хабарлау тетіктері қандай да бір мемлекеттің әскери әлеуетін дамытуына немесе жедел қажеттіліктеріне шектеу қоймайды. Керісінше, мұндай механизмдер қателесу қаупін азайтып, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтады және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген ортақ ұстанымды көрсетеді.
Біз барлық мемлекеттермен хабарлау тетіктерін нығайту және кеңейту мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ өз міндеттемелеріне сәйкес келмейтін әрекеттерге барған кез келген мемлекетті жауапкершілікке тартуға бейілдіміз.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық