«4-әйел»: Имам Жарқын Мырзатай 20 жастағы бойжеткенге үйленді ме?
Фото: Tik-Tok желісінен
Тик-Ток әлеуметтік желісінде имам Жарқын Мырзатай 4-әйел алды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Белгісіз TikTok қолданушысы өз парақшасына Жарқын Мырзатаймен түскен жас қыздың суретін жариялап, екеуінің үйленгені туралы жазған болатын.
«Белгілі имам Жарқын Мырзатаев жап-жас әйел алыпты. Міне, есімі Нұрғаным екен. 2005 жылғы құтты болсын. Енді мынау төртіншісі. 3 әйелінен 17 бала бар» деп жазды ол.

Бұл ақпаратқа фактчек жасау мақсатында Orda.kz тілшісі Жарқын Мырзатайдың өзіне хабарласты. Имамның айтуынша, бұл ақпарат жалған.
«Бұл тәңіршілдердің істеп отырғандары. Мен туралы олар 2 күн сайын жазып отырады. Бұған дейін «өлді», «аурханаға түсті», «сотталды» деген ақпараттар тараған болатын», – деді Жарқын Мырзатай.
Сондай-ақ имам қасында тұрған қыздың кім екеніне де түсініктеме берді.
«Суреттегі өзіміздің фирмамызда бірге қызмет атқаратын Нұрғаным есімді қарындасымыз. Ол ақпарат жалған. Ондай бейнелерден тағы біреуі де келіп тұр. «Жарқын Мырзатай бүкіл қазақтың сөзі араб тілінен аударылған» деген, сосын «Жарқын Мырзатайдың айлығы 900 000 теңге екен. Ол соған мәз болып отыр» деген ақпараттар тарап жатыр. Өзіміздің үйде не болып жатқанын солардан естіп отырмыз», – деп түйіндеді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорған қаласында жұрттың жағасын ұстатқан Талғар қаласындағы 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты істің сот отырысында 1999 жылы туған негізгі екінші куәгер Дана Жақсыгелдінің сотталушыларды танитыны анықталғаны туралы жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық