Антикор ұзаққа созылған құрылыс жұмыстарын бақылап отыр
Фото: Pexels
Агенттікке қарасты аймақтық департаменттердің белсенді жұмысының нәтижесінде мектептер, медициналық мекемелер, су құбырлары және жолдар сияқты 44 күрделі нысанның құрылысы аяқталды.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Осы жобалардың ішінде елорда мен бес облыста 10 жаңа мектеп, сондай-ақ 14 ауылдық елді мекенде су құбырларының құрылысы аяқталды. Бұл нысандардың құрылысы бір жылдан үш жылға дейін созылған еді. Ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз ету мәселелері ескеріліп, су құбырлары құрылысының аяқталуы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарды.
Шымкент қаласында ақпараттандыру және қоғамдық бақылау бастамаларының арқасында Қонаев даңғылының құрылысы кезінде артық тірек қабырғаларын орнатудан бас тартып, 3,2 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеп қалды.
Маңызды қадамдардың бірі – құрылыс кепілдігінің жаңа стандарттарын енгізу болды. Енді кепілдік мерзімі кемінде 7 жыл, бұл жемқорлық тәуекелдерін жойып, жөндеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өзгерістер жаңа Құрылыс кодексі жобасына енгізілді.
Қазіргі уақытта Агенттік 125 нысанның құрылысын бақылауда ұстап отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық