30 жыл керек болмаған лауазым: Қазақстанға вице-президент не үшін керек?
Коллаж: Orda.kz
Биыл 20 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Құрылтайда вице-президент лауазымын қайта енгізу бойынша ұсыныс тастаған болатын. Ерлан Қарин қазір ҚР президентінің мемлекеттік кеңесшісі қызметін атқарып отыр, вице-президент лауазымы қайтарылғаннан кейін ол орнын босатуы мүмкін. Ал вице-президент деген кім және ол немен айналысады?
Orda.kz тілшісі саралап көрді.
Қызылордада өткен Құрылтайда бұл лауазымның өкілеттік аясын Қасым-Жомарт Тоқаев өзі белгілейтінін айтқан.
«Әңгіме вице-президент институтын құру туралы болып отыр. Оның өкілет аясын мемлекет басшысы өзі белгілейді. Вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық форумдарда және шет мемлекеттер делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді, парламентте президенттің мүддесін білдіреді, отандық және бірлескен қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды, президенттің басқа да тапсырмаларын орындайды деп болжануда», - деді Тоқаев Құрылтайда.
Вице-президент деген қандай лауазым?
Қазақстанда вице-президент лауазымы 1991-1996 жылдары болған. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтан кейінгі пәрменді лауазымды Ерік Асанбаев атқарды. Ол бұл қызметті республика тәуелсіздігі жарияланған 1991 жылғы 16 желтоқсаннан 1996 жылғы 22 ақпанда Назарбаев босатқанға дейін істеді.
30 жылдан кейін осы институт қайта іске қосылып жатқандықтан, редакция лауазым туралы кеңінен тарқатп жазуды ұйғарды. Конституциялық реформа комиссиясы мүшесі Үнзила Шапаққа хабарласып, вице-президент лауазымы қандай мақсатта іске қосылғаны, қарапайым тілмен айтқанда қандай қызмет атқаратыны туралы сұрап білдік.
Депутаттың сөзінше, вице-президент институтын енгізудегі негізгі мақсат – мемлекеттік билік сабақтастығын және басқару жүйесі тұрақтылығын конституциялық деңгейде қамтамасыз ету.
«Конституция жобасында президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған жағдайда биліктің бейберекет ауысуына жол бермейді, өкілеттік алдымен вице-президентке өтеді. Бұл – биліктің ауысуын құқықтық тұрғыдан алдын ала реттеу, саяси тұрақтылықты институционалдық жолмен нығайту. Сонымен қатар вице-президент президенттің тапсырмасымен ішкі және сыртқы саясатта жұмыс атқарып, президентке жәрдемдеседі», - деді Үнзила Шапақ.
Депутат сырт елдермен Қазақстанның вице-президент моделінің айырмашылығы неде екенін де түсіндіре кетті. Кейбір елдерде вице-президент халық тарабынан тікелей сайланады немесе өз алдына үлкен саяси салмағы бар тұлғаға айналады. Ал Қазақстанда ұсынылып отырған модельдің айырмашылығы — билік арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Бұл жүйеде вице-президентті президент тағайындайды, бірақ тағайындау Құрылтайдың келісімімен ғана жүзеге асады. Соның арқасында бір жағынан атқарушы биліктің жұмысы жылдамдайды, ал екінші жағынан өкілді орган арқылы бақылау күшейіп, шешімдердің заңдылығы мен легитимділігі артады. Сонымен бірге вице-президенттің өкілеттігі шектелген, ол жеке саяси орталыққа айналмайды.
Үнзила Шапақ жаңа лауазымға тағайындалған тұлға нақты қандай қызмет атқаратынын қарапайым тілмен түсіндірді.
Түсінікті тілмен айтқанда, вице-президент – президенттің ресми өкілі әрі сенімді серіктесі.
- Президенттің тапсырмасымен халықаралық кездесулерде Қазақстанның мүддесін білдіреді;
- Құрылтаймен, үкіметпен және басқа мемлекеттік органдармен жұмыс барысында президент атынан өкілдік етеді;
- Шет елдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ұйымдарымен байланыс орнатады;
- Ал ең маңыздысы – президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған жағдайда, мемлекет басшылығы үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Тәуелсіз Қазақстанның вице-президенті жайлы не білеміз?
Қазақстанның тұңғыш вице‑президенті — Ерік Мағзұмұлы Асанбаев 10 наурыз 1936 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ол мемлекеттік басқару мен заң саласында білім алған, кейін саясат және мемлекет басқару саласында жұмыс істей бастаған. Тәуелсіздікке дейін де әртүрлі мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, әкімшілік тәжірибе жинақтаған.

Асанбаев президенттің бірінші орынбасары ретінде Қазақстандағы билік құрылымын қалыптастыруға ат салысты. Ол ішкі саясат, мемлекеттік басқару және сыртқы саясат мәселелерінде президентке кеңес беріп, елдің саяси тұрақтылығын қамтамасыз етті. Вице‑президенттің өкілеттігі нақты шектелгенімен, ол билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға және атқарушы билік пен өкілді органдар арасындағы байланысты нығайтуға маңызды үлес қосты.
1996 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен вице‑президент лауазымы жойылып, Асанбаев қызметінен босатылды. Кейін ол Германияға Қазақстанның елшісі болып тағайындалып, елдің халықаралық беделін арттыруға, дипломатиялық қатынастарды нығайтуға үлес қосты. 2004 жылы 23 тамызда өмірден озды.
Оқи отырыңыз:
- Еліміздегі жаңа лауазым: вице-президенттің өкілеттік ауқымы айқындалады
- Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады, екі ай ішінде президент сайлауы өтеді
- Конституцияның жаңа жобасында экс-президенттердің өміріне қолсұғылмаушылық сақталған
Жаңалықтар
- Құрбан айт намазының уақыты жарияланды
- Президент ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Одрэ Азулені Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады
- «Әуе таксиі» Алматы маңында ұшты: Alatau City-де eVTOL алғаш рет көрсетілді
- Қарағандыда пышақ ұстаған жасөспірім 8 жастағы баланың соңынан аңдыған
- Мамыр айында күн суыта ма?:«Құралайдың салқыны»
- Тоқаев: Мәңгілік ел идеясын ту еткен Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз
- Ауыр жүк көліктеріне елді мекендердің ішінде жүруге тыйым салынады
- Қазақстандықтарды Таяу Шығыс елдерінен эвакуациялауға 4 млн доллар жұмсалды
- Үкімет Алатау қаласы үстінен ұшып жүрген ұшқышсыз аппарат жайын түсіндірді
- Құрбандыққа мал таңдау: Онлайн құрбандық қалай шаламыз?
- Трамп сапарынан кейін ЕО Қытайға экономикалық тәуелділіктен қаша бастады
- «Ақтөбе» ФК матчына барған әйелдің бетіне доп тиіп, миы шайқалды
- Қыз үндемесе — келіскені: Талибан балалар некесіне жол ашты
- СҚО-да әкім өз-өзіне қол жұмсады
- Алматы облысындағы саяжайда ірі көлемде есірткі дайындағандар сотталды
- Беларусь ядролық қаруды жауынгерлік қолдану бойынша жаттығуларды бастады
- Иран байытылған уранын АҚШ-қа емес, Ресейге бермекші
- Алматыда жігіттерді көшеден ұстап әкеткен: Әскери комиссариат түсініктеме берді
- ДСМ қазақстандықтарға хантавирус қаупіне қатысты ескерту жасады
- «Орталық Азия – Қытай» форматы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде нақты шешім үлгісі болады