232 адам «Болашақ» стипендиясын иеленді
Фото: Envanto
Олардың 179-ы магистратурада, 12-сі докторантурада, бір азамат бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алады. Ал 40 қазақстандық шетелдік ұйымдарда кәсіби тағылымдамадан өтеді, деп хабарлайды Orda.kz Халықаралық бағдарламалар орталығы ақпаратына сүйеніп.
Сонымен қатар 33 қазақстандық «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы аясында жетекші шетелдік университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
«Болашақ» стипендиясы иегерлері мен ғылыми тағылымдамадан өту байқауының жеңімпаздарының тізімі 27 тамыз күні сағат 10:00-ден кейін жарияланады.
Тізімдерді мына ресми ресурстардан көруге болады:
- Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Telegram арнасынан;
- Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram арнасынан;
- Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтынан;
- Халықаралық бағдарламалар орталығы Telegram арнасынан;
- Халықаралық бағдарламалар орталығы сайтынан.
«Болашақ» – Қазақстан азаматтарының әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарында білім алуына арналған мемлекеттік халықаралық стипендия. Бағдарлама оқу мен тұруға байланысты негізгі шығындарды өтейді. Стипендия иегері оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстанға оралып, белгіленген мерзім ішінде еңбек етуге тиіс.
Айта кетейік, соңғы уақытта «Болашақ» бағдарламасына қатысты түрлі даулар да туындап жүр. Мәселен, сәуір айында депутат Бақытжан Базарбек бағдарламада ауқымды заңбұзушылықтар бар екенін айтып, миллиардтаған теңге көлеміндегі шығындарға тексеру жүргізуді ұсынған болатын.
Еске салсақ, Бурабай баурайында өткен Ұлттық құрылтайда президент 78 жастағы қазақстандықтың «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқу үшін кеткенін сынға алған болатын.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық