23 баланың улануы: дәрігерлер Қытай тәттісінің құрамын анықтай алмай отыр
Фото: Orda.kz
Ақтөбенің санитарлық дәрігерлері балалардың улануына себеп болған өнімнің құрамын анықтай алмай отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қобда ауданында орналасқан Қобыланды батыр атындағы орта мектептің 23 оқушысы уланған өнімнің құрамында не бар екенін анықтау әлі күнге мүмкін болмады. Мұның негізгі себебі өнімнің қазақ және орыс тілдерінде таңбаланбағандығынан.
26 ақпанда Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова өнімнің зерттеу нәтижелері дайын екенін хабарлады.
«Зерттеу барысында өнімнің кеденнің техникалық регламенті талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Атап айтқанда: атауы, құрамы, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, пайдалану бойынша шектеулер, тағамдық құндылық көрсеткіштері мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбаланбаған», деп атап өтті департамент басшысы.
Райхан Қойшанованың айтуынша, тағамдардың құрамын зерттеуге тіл кедергі келтірген екен.
«Композиция жазылмаған, сондықтан олар бойынша микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштерге арналған зерттеулер жүргізілмеді» - деді Райхан Қойшанова.
Оның айтуынша, қазір қадағалау органдары мұндай өнімдердің сауда орындарында қалай пайда болғанын анықтап жатыр.
Еске салайық, осы жылдың 18 ақпанында төртінші сыныптағы 23 оқушы уланып ауруханаға түсті. 7 оқушы қытайлық өнімді жегеннен кейін жағдайы нашарлағанын айтқан. Екі күннен кейін балалар ауруханадан шығарылды.
Жаңалықтар
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған