2026 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда ҚҚС қалай жұмыс істейді
Фото: Егемен Қазақстан
Қаржы министрлігі 2026 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда ҚҚС қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Егер айналым 1 қаңтардан кейін жасалса, жаңа 16 %-дық мөлшерлеме тіпті бұрын жасалған келісімшарттарға да қолданылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаңа Салық кодексі мөлшерлемені 16 %-ға дейін көтереді және бұл норма келісімшарт қашан жасалғанына қарамастан, 1 қаңтардан кейін болатын барлық айналымдарға қолданылады.
«Жылдық сатып алу жоспарлары бұрынғыдай ҚҚС-ты есепке алмай жасалады. Салық пен акциздер тек сатып алу рәсімі аяқталғаннан кейін тікелей келісімшартта көрсетіледі», деп хабарлады министрлік.
ҚҚС тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді өткізу айналымына салынады. Айналым күні ретінде тауарды беру күні немесе орындалған жұмыстар актісіне қол қойылған күн есептеледі.
ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген барлық жеткізушілер кодекс талаптарына сәйкес шот-фактуралар жазып беруге міндетті. Егер компанияның мәртебесі өзгерсе, заң келісімшарт сомасын салық көлеміне қарай түзетуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда жеткізу шарттары өзгермейді.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы жаңартылды. Жүйе жеткізушінің мәртебесін автоматты түрде анықтайды, ҚҚС сомасын есептейді және тауар позицияларын салық салынатын және салынбайтын деп бөледі. Қаржы министрлігі мұндай шешім түсінбеушіліктерді жойып, тапсырыс берушілер мен мердігерлер арасындағы дауларды азайтады деп отыр.
Бұған дейін біз экономист Ғалым Хусаиновтың жаңа ҚҚС мөлшерлемесі енгізілгеннен кейін баспана бағасының өсетінін ескерткенін жазғанбыз. Оның есебінше, салық жүктемесінің өзгеруі құрылыс саласының рентабельдігін төмендетіп, бір шаршы метрдің қымбаттауына әкелуі мүмкін. Сарапшы кейбір жеңілдіктерсіз жобалардың тоқтап, урбанизация қарқынының баяулау қаупі барын айтады.
Сонымен қатар әлеуметтік зерттеулер қазақстандықтардың жартысынан астамы ҚҚС жоғарылаған соң өмір сапасының нашарлауын күтетінін көрсетеді. Халық бағаның өсуінен, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қысқаруынан, көлеңкелі экономиканың күшеюінен қауіптенеді. Көпшілігі қосымша салық түсімдерінің тиімді жұмсалатынына сенбейді.
Жаңалықтар
- Олимпиада жарақаты: Польшалық шорт-трекші Камила Сельер коньки жүзімен беттен соққы алды
- Қазақстандағы мыс саласы қайтадан Владимир Ким мен Эдуард Огайдың қолына өтті
- Қазақстан Германияда өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден төрт алтын медаль алды
- Шымкентте былтыр ғана салынған жол опырылды
- Өтініш бергеннің бәріне әлеуметтік көмек: Министрлік жалған ақпаратқа жауап берді
- Эпштейнмен қатынасы үшін дауға қалған ханзада Эндрю таққа мұрагер бола алмайды
- Трамп барлық елдерге баж салығын 15 %-ға дейін көтеретінін мәлімдеді
- Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
- Тоқаев Сауд Арабиясы Королі мен тақ мұрагерін құттықтады
- Геннадий Головкин Джеки Чанға қазақтың шапанын сыйлады
- Олимпиада-2026: Михаил Шайдоров «Кунг-фу панда» образында, Джеки Чан арнайы келді
- Олимпиада–2026: Соңғы жарыс күні, жабылу салтанаты
- Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге пайдалану азайды
- Алматы қаласында 60 адам тіркелген екі пәтер анықталды
- Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиада финалына жолдама алды
- Депутат Қазақстанда онлайн несие алудағы өзгерістерді түсіндірді
- Тағы да Талғар: Ғалымжан Шерзатұлы 53 күннен кейін қайта жерленді
- Қарағандыда дроперлікке банк шотын берген студенттер жауапқа тартылды
- Жүк көлігі үйге соғылып, жүргізуші кабинада қысылып қалды
- Олимпиада-2026: Қазақстан құрамасы шаңғы акробатикасынан жетінші орын алды