2025 жылы 14 828 этникалық қазақ тарихи Отанына оралды
Фото: freepik.com
2025 жылы 14 828 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жалпы, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 миллион 162,9 мың этникалық қазақ көшіп келген.
Биыл елге оралған 14 828 этникалық қазақтың басым бөлігі Өзбекстаннан (44,5 пайыз) және Қытайдан (43,6 пайыз) келген. Сондай-ақ, Түрікменстаннан – 4,1 пайыз, Моңғолиядан – 3 пайыз, Ресейден – 2,5 пайыз және басқа елдерден – 2,3 пайыз этникалық қазақ қоныс аударған.
Қандастардың 57,4 пайызы еңбекке қабілетті жаста болса, 34 пайызы – кәмелет жасына толмағандар, ал 8,6 пайызы - зейнеткерлер. Еңбекке қабілетті жастағылардың 15 пайызы жоғары білімді, 27,6 пайызы орта арнаулы, 51,1 пайызы жалпы орта білімге ие, 6,3 пайызының білімі жоқ.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, қандастар еліміздің әр өңіріне қоныстандырылған. Еңбек күші тапшы аймақтар ретінде Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары айқындалды.
Қоныстандыру өңірлеріне барған қандастарға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, көшуге шығындарына және әр отбасы мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде біржолғы субсидия, сондай-ақ тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерге бір жылға 15–30 АЕК көлемінде өтемақы қарастырылған.
Жыл басынан бері 1 279 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетіліп, оның ішінде 356 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.
Айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский журналистерге арналған брифингте АҚШ-пен соңғы күндері өткен келіссөздер қорытындысы бойынша соғысты тоқтатуға бағытталған америкалық жоспардың мазмұнын егжей-тегжейлі түсіндірді. Зеленский бейбітшілік жоспарының барлық 20 тармағын атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық