«2023 жылғы жемқорлық жайлы ұлттық баяндама»: Әшкере болған жемқорлар
Коллаж Orda.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бүгін 2023 жылдың қорытындысын жинақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасын жариялады.
Orda.kz жемқорлық жайлы бұған дейінгі 2022 жылғы баяндаманың статистикасын пайдаланып, «Жастарды жемқорлыққа қалай тартады?» атты мақала жазған болатын. Orda.kz тілшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бүгінгі ұлттық баяндамасына көз жүгіртіп, елеулі ақпараттарды назарларыңызға ұсынады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі негізінен жүргізілген іс-шараларды кеңінен ашып айтты:
- Жемқорлықпен күресу мәдениеті;
- Жемқорлық болуы мүмкін жерлерге сараптама;
- Жер алу және құрылыстағы жемқорлық қауіпі;
- Білім ордаларындағы диплом табыстау кезіндегі жемқорлық;
- Жемқорлыққа қарсы іс-шаралар;
- Мемлекеттік қызметтегі жемқорлықты азайту;
- Жемқорлықпен күресетін жаңа тәсілдер;
- Сыбайлас жемқорлық жайлы зерттеулер т.б. баяндады.
Ұлттық баяндама негізіне көз жүгіртсек, 2023 жылы Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күресте белсенді түрде жұмыс істеді. Маңызды ақпараттарға шолу жасағанда байқағанымыз, елеулі істің бірі — Талдықорған қаласында білім беру мекемелерінен 280 млн теңге ұрлаған қылмыстық топ әшкере болғаны жайлы ақпарат. Талдықорғанда 2,5 жыл бойы қылмыстық топ жұмыс істеді. Оның құрамына білім бөлімінің басшысы, бас және есептеу бухгалтерлері, сондай-ақ 13 мектептің бухгалтері қылмыстық іске қатысты болып шықты. Білім бөлімінің бас бухгалтерін ұстау кезінде 1 млрд теңге алынды. Бұл оқиға жайлы Orda.kz жазған болатын. Сондай-ақ, жоғары білім жүйесінде де заң бұзушылық анықталды. 1 143 жалған диплом берілгені мәлім болды. Ұлттық баяндамада сыбайлас жемқорлық қызметі 2023 жылы тауарлар мен қызметтердің құнын 41,4 млрд теңгеге қымбаттауының алдын алғанын жазды. Олар қадағалаудың арқасында Қостанай облысында дизель отынын сатып алудан 14,8 млн теңге үнемдегенін, ал Ақтөбе облысында медициналық киімдерге 9 млн теңге үнемдегенін айтты.
Баяндаманың толық нұсқасын gov.kz сайтынан оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық