200-ден астам ер адамға «әйелдерге арналған ота» жасалған
Фото: Әлеуметтік желіден
Маңғыстау облысында 200-ден астам ер адамға «әйелдерге арналған операциялар жасалды» деген күдікпен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) қаражатын жымқыру фактісі бойынша тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу нысанына екі жекеменшік медициналық ұйымның басшылығы іліккен. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімет таратты.
Тергеу деректеріне сәйкес, «ИБН СИНА» және SOFIE MED GROUP медициналық орталықтарының лауазымды тұлғалары ер адамдарға қойылған «варикоцеле» диагнозы бойынша медициналық қызметтерді рәсімдеу кезінде әйелдерге арналған жоғары технологиялық операцияның кодын көрсеткен.
Атап айтқанда, «жамбас ағзалары мен жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы» қызметі енгізілген.
«Нәтижесінде 200-ден астам ер адамға негізсіз қымбат медициналық қызмет көрсетілгені тіркеліп, емдеу құны 10 есеге дейін артқан. Ал 19 жағдайда пациенттер мүлдем клиникаға жүгінбегенін айтқан», деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген залал көлемі 221 миллион теңгеден асқан. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
Еске салсақ, жыл басында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) жұмысында көптеген заңбұзушылық анықталды. Олардың қатарында жалған пациенттерді тіркеу, ер адамдардың әйелдерге арналған скринингтерден «өтуі», балаларға бір күнде мыңнан астам дәрі-дәрмек жазу, тіпті қайтыс болған адамдарға медициналық қызмет көрсету фактілері болған.
Жалған тіркеу жасап, қайтыс болғаннан кейін де қабылдауға жазып, заңды белшеден басып, тиімсіз жұмыс істеген әлеуметтік медициналық сақтандыру енді қаржы министрлігінің қарауына беріледі.
Былтыр желтоқсан айының соңында Олжас Бектенов қаржы министрлігіне ӘМСҚ қызметін талдауды, яғни бюджет қаражатының қаншалықты тиімді жұмсалып жатқанын тексеруді тапсырған еді.
Тағы бір айта кетерлігі 2026 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ережелері өзгереді. Осы орайда 3,5 миллионнан астам азамат сақтандырылмай қалған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда МӘМС жүйесінде 16,9 миллион адам сақтандырылған. Олардың 12 миллионға жуығы мемлекет төлейтін жеңілдікті санатқа жатады.
Оқи отырыңыз:
- Оспадарсыз әлеуметтік сақтандыру: Қайтыс болғандарды қабылдауға жазып, ер адамдарды әйелдерге арналған скринингтен өткізген
- Медициналық сақтандыруға қатысты даудан кейін қорды Гүлмира Сәбденбек басқаратын болды
- Шетелдіктер Қазақстанда МӘМС есебінен тегін дәрі-дәрмек алып отырды
- 2026 жылғы МӘМС-тің жаңа ережелері: Медициналық көмекті бюджеттен алуға бола ма?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық