«200-дей филиалы бар»: Заңсыз микронесие ұйымдарын ашқан кәсіпкер Сергей Койнов ұсталды
Фото: әлеуметтік желі
ҚМА Ақтөбеде танымал кәсіпкер әрі блогер Сергей Койновтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу мәліметінше, «Актив Ломбард» желісінің иесі Сергей Койнов сенімді адамдарының атына «Актив Маркет» брендімен тіркелген бірнеше компания рәсімдеген. Ол компаниялар тауарлар мен тұрмыстық техниканы қабылдайтын комиссиялық дүкен ретінде көрсетілген. Алайда іс жүзінде лицензиясыз ломбард қызметін көрсеткен. Олар мүлікті кепілге қою арқылы қарыз берумен айналысқан.
«Заңнамаға сәйкес, аз уақытқа қарыздар (45 күнге дейін) бойынша сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі тәулігіне 0,3%-дан аспауы тиіс. Алайда Койнов С.С.-тың компаниясы 15 күнге 16,2% сыйақымен қарыз берген, бұл заңда белгіленген шектен 4 есе артық», деп хабарлады ҚМА.
Осылайша, жүз мыңдаған азаматтар кәсіпкердің тұзағына түскен. Ал Сергей Койнов 2 жылда заңсыз 3,5 млрд теңгеден астам қаражат тапқан. Кәсіпкер түскен кірістерді заңдастыру үшін жалған келісімшарттар рәсімдеген.
Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде 200-ден астам филиалға тінту жүргізіліп, заттай дәлелдемелер алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, Ақтөбеде жалған түбіртек жасаған мектеп есепшісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық