Ақтөбеде жалған түбіртек жасаған мектеп есепшісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: Gov.kz
Ақтөбенің атышулы Шалқар ауданы тағы да құзырлы органдардың назарына ілікті. Бұл жолы мектеп есепшісі 21 млн теңгеге жалған түбіртек жасады деген айып бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Шалқар ауданындағы №5 мектеп-лицейінен 51,4 млн теңге болатын қаржылық бұзушылықты анықтады.
Есепші «кемшіліктер жойылды» деп тапсырылған түбіртектер бойынша қазынаға түскен 32,1 млн теңгенің ғана ізі бар. Ал қалған 21 млн теңгеге қатысты түбіртектер күмәнді болып шықты. Бюджетке ақша түспеген.
«№5 мектеп-лицейінің бас есепшісінің 2022-2024 жылдар аралығында қызметкерлерге 21,4 млн теңге артық жалақы аударғаны анықталды. Кейін заңсыздықтардың жойылғанын, ақшаның бюджетке қайтарылғаны туралы түбіртектер тапсырылды. Бірақ олар да тексерілді», — деді Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Сәкен Қасымов.
Департамент мектеп есепшісі тапсырған түбіртектерге күмәнмен қарайды.
2025 жылдың шілдесінде аудандық қаржы бөлімінен түбіртектегі ақшаның түскенін растауды сұрайды. Нәтижесінде бірнеше түбіртектің жалғандығы анықталды.
Аудитқа есепші 2024 жылдың 13 тамызында қазынаға 5 млн 27 мың теңге аударылды деген түбіртек көрсеткен. Бірақ қазынаға 527 мың теңге ғана түскен. 5 жүз мың теңгелік түбіртекке қосымша «0» салу арқылы 5 млн теңге деп өзгертіп жібергені белгілі болды.
Тағы бір түбіртекте 4,9 млн теңге төлем жасалды деп көрсетілген. Түскен ақша 4 млн теңге. «0» саны 9-ға өзгертілген. Осындай бірнеше түбіртек бар.
Аудит анықтаған заңбұзушылықтар нәтижесі білім бөліміне жолданды. Шалқар аудандық білім бөлімі бұл мектептің директорына тек «сөгіс» беріп, тәртіптік жазаға тартумен шектелді. Есепші жұмыстан шығып кеткен.
Бұл заңбұзушылықтар құзырлы органдарға жолданды. Бүгінгі күні бас есепшіге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
Еске сала кетсек, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидехановтың есімін қол астындағы қызметкері сотта бірнеше рет атады. Мердігерлерді қорқытып, пара алды деп айыпталған шенді әкімнің тапсырмасын орындағанын айтты.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте экс-күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды
- Астанада автобус самокат мінген жасөспірімді қағып кетті
- Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсу жоспарын жариялады
- Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды
- «Дайвинчик»: Танысуға арналған танымал Telegram-ботына сот арқылы тыйым салынды
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 280-нен асты
- Ауғанстанда 2,4 миллион қыз орта білім ала алмай отыр
- Ақтөбеде мұғалім әйел алаяқтық күдігімен ұсталды
- Күннің тұтылуын тамашалаған Германия халқы көз ауруына шағымданды
- Қазақстанда 276 мыңнан астам вейп тәркіленді
- Тәшиев 2027 жылы президент болуы мүмкін еді: Жапаров өз жоспарын ашып айтты
- Дастан Сәтбаевтың бейнесі АПЛ-дың ресми сайтына қосылды: Ол «Челсиде» қала ма?
- Тағы бір жоғары лауазымды полицей Таразда ұсталды