«20 млрд шығын»: «Қазатомөнеркәсібінің» үздік менеджері сотталды
Фото: Казатомөнеркәсіп
Асқар Батырбаев мемлекетке 20,1 млрд теңгеден астам шығын келтірді. Сот оны төрт жарым жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп, мемлекеттік марапаттан айырды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК” АҚ коммерция жөнінде экс-басшысының ісі Астана сотында қаралды. Ол мемлекетке үлкен зиян келтіру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталды.
Тергеу барысында анықталған ақпаратқа зер салсақ, 2021-2022 жылдары Асқар Батырбаев уранды нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізуге 13 келісімшарт жасасқан.
«3 келісімшарт мерзімді бұза отырып жасалған. Тағы 10 келісім орташа нарықтан төмен құн бойынша жасалған. Британдық Yellow Cake plc компаниясымен жасалған мәмілелердің бірінде екі миллион фунт уран сату көзделген. Яғни, бір фунтын 32,23 долларға сатқысы келді. Ал оның негізгі бағасы 45,5 доллар. Сот бағалауы бойынша барлық келісімдерден келтірілген залалдың жалпы сомасы 20,1 млрд теңге болады» деп жазылған сот материалында.
Осы мәмілелер үшін үздік менеджер 54 миллион теңге бонус алған. Ал сотта Батырбаев келісімшарттардың «талаптарын басқарма мен директорлар кеңесі келісіп жасады» деп кінәсін мойындамады. Алайда, сот бұл талаптарға ешқандай дәлел таппады. Өйткені хаттамаларда жеңілдіктерге рұқсат беру туралы нұсқаулар жоқ, ал басшылық отырыстарының бейнежазбаларында баға шарттарын талқылау туралы айтылмаған.
Батырбаев кінәлі деп танылып, төрт жарым жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді.
Сот «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына 20,1 млрд теңгеге талап арызды қанағаттандырып, президентке «Ерен еңбегі үшін» медалінен айыру туралы ұсыныс жолдады. Үкім әлі күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін полицияның «Антикор төрағасын» ұстағаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық