107 күндік соғыс аяқталды ма? АҚШ пен Иран келісімге келсе де, шарттары әлі белгісіз
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Үш жарым айға жуық уақытқа созылған АҚШ пен Иран арасындағы соғысты тоқтатуы мүмкін келісім жасалды. Бұл туралы Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф мәлімдеді. Оның айтуынша, тараптар Таяу Шығыстағы барлық майдандарда, соның ішінде Ливандағы әскери операцияларды дереу және толық тоқтатуға келіскен. Келісімге онлайн форматта қол қойылған, ал ресми рәсім 19 маусымда Швейцарияда өтеді.
Reuters мәліметінше, АҚШ 30 күн ішінде Иран порттарына қойылған әскери-теңіз блокадасын алып тастауға, жаңа санкциялар енгізбеуге, бұғатталған ирандық активтердің бір бөлігін босатуға және мұнай экспортына қатысты жеңілдіктер беруге келіскен.
Ал Иран Ормуз бұғазын ашуға, ядролық қару жасаудан бас тартуға және қазіргі ядролық бағдарламасын тоқтата тұруға міндеттеме алған. Алайда келісімнің толық мәтіні әлі жарияланған жоқ. Сондықтан Вашингтон мен Тегеран ұсынған нұсқалар арасында елеулі айырмашылықтар бар.
АҚШ не дейді?
Дональд Трамптың айтуынша, Иранмен түпкілікті ядролық келісімге қол жеткізілмесе, АҚШ әскери қысымды қайта бастыруы мүмкін. Сонымен қатар тараптар Иранның уран байытуын 15–20 жылға шектеу мәселесін талқылап жатыр.
Трамптың сөзінше, Иранға тек бейбіт мақсаттарға жарайтын төмен деңгейдегі уран байытуға ғана рұқсат берілуі мүмкін. Сондай-ақ Ақ үй Ормуз бұғазының болашақта халықаралық кеме қатынасы үшін тұрақты ашық болуын көздеп отыр.
Ал Иранның ұстанымы қандай?
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесіне жақын Nour News басылымы жариялаған мәлімет бойынша, меморандумда АҚШ санкцияларын жою негізгі тармақтардың бірі ретінде көрсетілген.
Тегеранның нұсқасында:
- бұғатталған 28 миллиард доллар активтің 10-14 миллиарды босатылады;
- Ирандағы барлық ядролық нысандар өз орнында қалады;
- елге арналған 300 миллиард долларлық өтемақы қоры құрылуы мүмкін;
- Ормуз бұғазын басқаруда Иранның рөлі күшейеді.
Яғни Вашингтон келісімді ядролық бағдарламаны шектеу құралы ретінде көрсетсе, Тегеран оны санкцияларды алып тастау мен экономикалық жеңіс ретінде сипаттап отыр.
Соғыс өз мақсатына жетті ме?
Әзірге бұл сұрақтың нақты жауабы жоқ. Себебі жарияланған ақпараттарға қарағанда, соғыс басталғанға дейін де Ормуз бұғазы халықаралық кеме қатынасы үшін толық жабылған жоқ еді. Ал Иранның ядролық бағдарламасы бойынша негізгі мәселелердің көбі әлі түбегейлі шешілмеген.
Бұдан бөлек, келісімде Иранның зымыран бағдарламасы немесе оның Таяу Шығыстағы ықпалы туралы нақты талаптар жарияланған жоқ. Сарапшыларды алаңдататын тағы бір мәселе — келісімнің орындалуы. Бұған дейін Газа мен Ливан бойынша жасалған бірқатар келісімнің қағаз жүзіндегі тармақтары толық жүзеге аспаған болатын.
Сондықтан қазіргі мәміленің нақты нәтижесін меморандумның толық мәтіні жарияланғаннан кейін және алдағы бірнеше айда ғана бағалауға болады. Бір нәрсе анық: 107 күнге созылған соғыс аяқталуға жақын. Бірақ бұл түпкілікті бейбітшілік пе, әлде уақытша үзіліс пе — оны уақыт көрсетеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Бір тәулікте Сеутаға 50 мың мигрант қашып келіп, 57 адам қаза тапты
- Тамыз айында еліміздің ауа райы қандай болады?
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты
- Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
- Тоқаев бірқатар судьяларды орнынан босатты
- Тоқаев Ыстықкөлдегі Орталық Азия елдері мен Әзербайжан жетекшілерінің бейресми кездесуіне қатысады
- АҚШ-та Трамптың портреті бейнеленген паспорттар беріле бастады
- Испания шекарасын бұзған мыңдаған мигрант Еуропаны дүрліктірді
- Трамп ХАМАС-тың толық қарусыздану жөніндегі «тарихи» келісім жасалғанын мәлімдеді
- Елімізде 450 мың оқушыға 23 миллиард теңге қаржылай көмек қарастырылған
- Қытайдың «мұнай жұмбағы»: Тағы да жұмсақ күш танытпақшы ма?
- Армения үкіметі отставкаға кетеді, билік қайтадан Пашинянның қолында қала ма?
- ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді
- КҚК теңіз терминалына дрондар шабуыл жасады: Мұнай тиеу уақытша тоқтатылды
- LRT тамыздан бастап жаңа тарифке көшеді
- Павлодарда пациенттерді ұрып-соғу туралы ақпараттан кейін психикалық денсаулық орталығында тексеріс басталды
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты апелляциялық шағым түсірді